Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Жұмыс сапары

Өткен апта барысында Екібастұз әкімі Қайрат Нүкенов қала құраушы кәсіпорындар - «Богатырь Көмір» ЖШС, ЕЭК АҚ «Восточный»  кеніші, «Б. Нұржанов атындағы 1-МАЭС» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС 2 станциясы» АҚ –ға барды.

Сондай-ақ, Қ. Нүкенов бүгіні таңда қала құраушы кәсіпорындар төңірегінде дамып отырған: «ЭнергоСпецСтрой» ЖШС, «Корунд» ЖШС, «GreenhouseKZ» ЖШС-ның және ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдейтін объектілер: «КазЭкспортКожа» ЖШС, «Нұр-Бірлік» ЖШС-ның жұмысымен танысты.  

Солнечный к., Шідерті к., Құдайкөл, Байет, Сарықамыс ауылдық  округтері, Ә. Марғұлан атындағы, Шиқылдақ ауылдарына жұмыс сапары барысында Қ. Нүкенов аталған ауылдық елді мекендердің әкімдеріне абаттандыруға, санитарлық тазалау, ауыл шаруашылығын, бизнесті  дамыту, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысты бірқатар тапсырмалар берді.       

...