kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Төтенше жағдайлар басқармасы ескертеді! Суға шомылу кезінде негізгі қауіпсіздік ережелерін есте сақтаңыз!

      Жаздың ең ыстық айы шілде басталды. Барлығымызда жаздың ыстық күндері суға шомылғанды, ыстық құмда қыздырынғанды, күнге күйгенді, суда жүзгенді, малтығанды ұнатамыз. Бұл нағыз тамаша кезең!

     Бірақ әр адам суда шомылғанда қауіпсіздік шараларын сақтамаса суда шомылу өте қауіпті екенін ұмытпауы керек.

Ағымдағы жылдың маусым айында Қ.Сатпаев атындағы каналға 1 адам суға батып кетті

     Қайғылы жағдайға ұшырамас үшін суда шомылудың ережелерін білу керек және оны бұзбауға тырысу керек.

Судағы негізгі ережелерін тағы естеріңізге саламыз:

мас күйде суға түспеңіздер;

тыйым салынған жерлерде шомылмаңыздар;

бүлдіршін балаларды су маңында үлкендердің қарауынсыз ешқашан қалдырмаңыз;

таныс емес жерде сүңгуге болмайды, өйткені су түбінде қауіпті заттар болуы мүмкін;

суға шомылуға барарда өзіңізбен бірге әрқашан құтқару құралдарын ала жүріңіз (көкірекші, резеңкелі, үрмелі дөңгелек);

қайықтан, көпірден суға секірмеңіз;

қоршау-белгілерден аспаңыз;

     Арнайы жабдықталған су жағажайларында шомылған жөн. Жүзу  білмейтіндер суға белден жоғары түспеуі керек.

     Суда 10-15 минуттан көп болмаған жөн. Шомылып шыққаннан соң денені құрғатып сүрту керек.

     Автокөлік доңғалақтарымен суда жүзуге болмайды, өйткені желмен немесе су ағысымен жағадан алшақ кетуі мүмкін,  су толқындарымен аударылып немесе тұншығып қалу қаупі бар.

     Суда дөрекі қылықтар істемеу керек. Бірінің астынан бірі жүзген, аяқтан тартқан, «батырған», жүзу білмейтіндерді терең жерге апарған өте қауіпті.

      Кейбір адамдар суда шомылғанда батып жатқан адам болып бір-бірімен ойнайды. Ондай ойындар құтқарушыларды жұмыстарынан кедергі жасайды.

      Әсіресе кішкентай балаларды ересесктерсіз қалдыруға болмайды. Олар төніп тұрған қауіпті аңғармайды. Аяқтары тайып жығылуы, суға батуы, тұншығулары мүмкін. Құрметті ата-аналар олардың қауіпсіздігіне жауапты екендеріңізді ұмытпаңыздар.

      Арнайы белгі тұрған жерден асып, жағадан алыстап жүзуге немесе су қоймаларында бәсекелесе жүзуге болмайды.

 Жыл сайын қатынасатын суға түсу орнында да сақ болыңыз, өйткені бір жылдың ішінде ол жерге қоқыс жиналуы немесе суы азайуы мүмкін.

    Суда барлық қауіпсіздікті сақтауды қарастыра алмайсың, сондықтан да судағы ең басты ереже ол – абай болу.

 

                                                                                                                                                                                                                                 Хамитова М., АҚ және ТЖ

бөлімінің  бас маманы

Екібастұз қаласының ТЖБ

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза