Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



ҰБТ-ға дайындық

Ағымдағы жылдың 11 мамырында қала әкімі Қайрат Нүкенов жалпы білім беретін мектептердің басшыларымен 11 сынып оқушыларын ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындау жөнінде кеңес өткізді.  

Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау барысы туралы білім бөлімінің басшысы Нұржамал Макумова ақпарат берді.

Кеңес барысында оқушыларды ҰБТ-мен қамту мәселесі қаралды.   

Одан басқа, ҰБТ орташа балы қалалық көрсеткіштен төмен, сондай-ақ байқау тестінің қорытындысында балалардың басым бөлігі «2» деген баға алған және шекті деңгейге жетпеген мектеп директорларына сауалдар қойылды.       

Кеңес  қорытындысында қала әкімі 11 сынып оқушыларын ҰБТ-ға сапалы дайындау жөнінде тапсырма беріп, мектеп директорларын ҰБТ-ның сапалы нәтижесі үшін дербес жауапты болатыны туралы ескертті.