Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Сейтова Айгуль: сұрақ

Салеметсіз бе?Біз мектеп мұғалімдері,тіл жанашыры бола біле ме деген өтінішпен сізге хат жолдап отырмыз,Жаттанды өтірікпен өмір сүріп жүрген қала мұғалімдері қазақ тілінің болашағы бар дегенге сенбейтін болдық.Не себепті қалалық білім бөлімінде отырғандар барлық жұмыс барысын орыс тілінде жүргізеді,орыс тілді зейнеткерлерді жанына жинап алған қалалық білім басшысы мектепте мұғалім болып істемегендігін көрсетіп отыр,өзіне осылай тиімді шығар.Өскенбаева аттестациядан өтетіндердің құжаттарын облыс солай талап етеді деп орыс тілінде ғана қабылдайды. Сағитова бар оқу ісінің меңгерушілерін жинап алып,орыс тілінде ғана семинар өткізеді,бар орыс тілді сайттардан көшіріп алған материалдары бойынша тек орыс тілінде ғана жүргізеді . Мұнымен нені дәлелдемек? Елбасының сайтына кіріп өтініш жасамас бұрын қала әкімдігінен білгіміз келді.Жас,білімді жастарға жол бермей алпыстан асқан зейнеткерлерде қандай инновация болмақ,негізін өздері де ұқпайды.Қалалық білім басшылығы тіл тағдырына мүлде немқұрайды қарайды,мектеп басшыларын тұғыртып ұстағандарына мәз,мектеп директорлары оларға қарсы пікір айтуға дәрменсіз,мұндайда ел болашағы ешқашан жақсармайтыны анық.Үлкен өтініш,білім министрі мен Елбасына өтініш жасамасын десеңіздер,шара қолданыңыздар.Рахмет.

Құрметті Айгүл! Сіздің Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтына келіп түскен білім бөлімі қызметкерлерінің мемлекеттік тілді қолдану мәселесі жөніндегі өтінішіңізге, хабарлаймын.

         Бөлімнің электрондық құжат айналымы жүйесінде ағымды жылдың сәуір айында 64 шығыс құжат және 199 кіріс құжат екі тілде тіркелген, оның 197 немесе  98,9%  мемлекеттік тілде.

Сонымен қатар,  бөлімнің ішкі құжат айналымында 134  құжат екі тілде  жүргізіледі.

          Педагогтарды аттестациялау бойынша құжаттарды қабылдау мәселесіне қатысты түсіндіретін болсақ, аттестациядан өтетін педагогтардың папкалары қазақ және орыс тілдерінде  толтырылған құжаттар  тізбесінің белгілі бір мазмұнын құрайды,  қазақ тілі мұғалімдері мен мемлекеттік тілде оқытатын мектептер үшін құжаттар тек  қазақ тілінде толтырылады.

Алайда, аталмыш  комиссияға  білім беру Басқармасымен сұрау салынған нысанға сәйкес жұмыс істеу үшін аттестациядан өтетін педагогтардың тізімін  орыс тілінде тапсыру қажет. 

Бөлімнің әдіскерлерімен семинарлар өткізу мәселесі бойынша айтсақ, ағымды оқу жылы 27 семинар өткізілді, оның ішінде 14-і немесе  52% мемлекеттік тілде өткізілді.

Сонымен қатар, бөлім қызметкерлері арасында қосымша түсіндірме жұмысы жүргізілді, соның барысында оларға тілдер туралы заңнама талаптарын орындау қажеттігі тапсырылды.

Құрметпен, Екібастұз қаласының әкімі Қайрат Нүкенов.