Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Павлодар Барысы

2016 жылғы 8-9 мамырда Павлодар қаласының «Құлагер» ипподромында қалалық және аудандық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында Қазақ күресі бойынша «Павлодар Барысы» облыстық турнирінің қорытындысы өтті.

2016 жылғы «Екібастұз Барысы» жеңімпаздары мен жүлдегерлері  - Адылет Нурпейсов, Ислам Махамбетов, Еркебулан Егинбаев және Даурен Мукушев Қазақ күресінен «Павлодар Барысы» турниріне қатысты.

Еркебулан Егинбаев пен Ислам Махамбетов күміс және қола медальдарға ие болды.

Еркебулан Егинбаев 2016 жылдың шілде айында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесіне қазақ күресінен өтетін «Қазақстан Барысы» республикалық жарысына қатысады.