Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз мақтанышы!

2016 жылдың 12 мамырында Екібастұз қаласының әкімі Қайрат Нүкенов бокстан Азия ойындарының Чемпионы Аятулла Такижановпен кездесті.

Біздің жерлесіміз - Такижанов Аятулла №11 жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы, №3 БЖСМ тәрбиеленушісі, 2016 жылғы мамырдың 2-сі мен 8-і аралығында Павлодар қаласында өткен бокстан 2016 жылғы Азия ойындарының Чемпионы атанды.

Жаттықтырушысы – Андрей Андреевич Генш.

Аятулла бокспен 2009 жылдан бастап шұғылданады (7 жыл), бокстан Қазақстан Республикасының спорт шебері, Қазақстан Республикасының бокстан құрамасының мүшесі.

2015 жылы «Жетісу Кубогы» Халықаралық жарыстың Чемпионы болып, Қазақстан Республикасы спорт шеберінің нормативін орындады.

Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері Серік Сапиевке арналған Қазақстан Республикасының ең мықты боксшылары республикалық жарысының финалисі.

2016 жылғы Халықаралық жарыстың Күміс жүлдегері, Литва (Вильнюс қаласы).

Аятулланың ата –анасы, әкесі –Балтабек Темиргалиевич Такижанов, «Вершина» ЖШС күзетші болып жұмыс істейді, анасы –Салия Кабыловна Такижанова, үй шаруасында. 3 бала тәрбиелеп отыр.

Қайрат Нүкенов Чемпион мен оның жаттықтырушысына құрмет грамоталары мен сыйлық табыстап, үлкен жеңістер мен сәттілік тіледі.

Екібастұз әкімі Аятулла біздің жастарымыз үшін үлгі болып табылатынын атап айтты.