Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Жеңіс алауы!

Екібастұз қаласында 2016 жылғы 9 мамырда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығына арналған «Жеңіс алауы!» митингісі өтті.

Іс-шараға 10 мыңнан аса адам қатысты.

Екібастұз қаласының әкімі Қайрат Нүкенов екібастұздықтарды,ҰОС ардагерлерін,еңбек майданына қатысушыларды ұлы мереке-Жеңіс күнімен құттықтап, ұзақ өмір, зор денсаулық және ашық аспан тіледі.

Қалада үшінші жыл «Мәңгілік полк» акциясы өткізілді, оған биылғы жылы 3 мыңнан аса адам қатысты.

Митинг соңында Даңқ Обелискісіне гүлшоқтары мен гүлтәжін қою рәсімі өтті.

ҰОС ардагерлері мен еңбек майданына қатысушылар үшін «Көгілдір от» ұйымдастырылды.