Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Алиакбарова Р.Д: Кім жауапты?!

Құрметті Екібастұз шаһараның басшысы Нүкенов Қайрат Теміршотұлы! Екібастұз қаласының 19 шағын ауданындағы М.Әуезов көшесі, 157 үйдің тұрғындары осы атаулы үйге қарама-қарсы орналасқан «Думан» дәмханасының тұсынан біздің бөбектеріміздің ойнайтын ойын алаңқайына қаратып «Шейх Палас» атты бір мекеме ашылғандығына үзілді-кесілді қарсы. Өйткені, күн демей, түн демей бұл атаулы орын жастардың жиналатын жын-ойнағы болды. Ішінде не болып жатқаны белгісіз бірақ онда барған жастар есік алдына шыға салып, шылым шегіп, ерсі қылықтар көрсетеді. Мәселен, ашық түрде сүйіседі, құшақтасып тұрып сыпаласады жалпы, ойын алаңында жүрген балалардың бұл көретін көрінісі емес. Бұдақтатып тұрып шеккен шылымдарын әр жерге лақтыра салып, ауыздарына келген былапыт сөздерді айтып қайта ішке кіреді. Міне, бұл картина күнде қайталанады. Көктем шығысымен біздің маңатымызда түрлі көліктер қаптап кетті, мұнда келушілер тіпті, көліктерін сол балалар алаңқайына дейін кірігізіп қоятын болды. Бұндай істі осы көпқабатты тұрғын үйде көп жылдар бойы тұрып жүрген пәтер иелері де істемейді. Себебі, бұл балалардың ойнатын жері. «ШЕЙХ ПАЛАС» деп қана жазылған, бұл «шаштараз» ба, «дәмхана» ма, «бар» ма белгісіз???. Жалпы, ойын алаңқайының дәл жанын ашылмауы керек бұндай мекеме. Бұндай мекемені ашуға қалай рұқсат берілген? Осы М.Әуезов, 157-ші үйдің тұрғынадырынан «102» кезекшілік бөліміне қаншама рет шағым түсірілді, неге бұндайларға шара қолданылмайды? Заң қайда? Тосқауыл қоюдың орынына олар істерін дөңгелетіп жатыр. Тәуелсіз елімізде бұндай орындарға тұсау салатын кез жете ме? Әлде бүлдіршіндер осы жын-ойнаққа қарап өсуілері керек пе?! Осы жазғаныма тұздық: Әуезов көшесі, 157 үйдің дәл алдындағы ойын алаңқайына тек осы ұзын үйдің тұрғындарының балалары ғана емес сондай-ақ, жанында қоршап тұрған 3 көпқабатты үйлерде тұратын балалар келіп ойнайды, өйткені ол үйлердің маңында дені дұрыс алаңқай жоқ. Күн ұзақ бұл жерде кеш батқанға дейін 20-30 бала ойнайды. Және зейнет жастағы апа-аталарымыз бар, жас босанған келіншектер бар. Енді олардың көретін көрінісі осы «Шейх Паластан» шыққан жастардың ерсі қылықтары.
жеке өз басым ағымдағы жылдың сәуір вйының 23-де осы аумаққа қарасты жергілікті учаскелік инспекторлардың көмегіне жүгіндім. Талон нөмірі - 03814. Қабылдаған иснпектор - Касумов Тахир. бірақ еш өзгеріс. нәтеже жоқ. Балалар сол беті бассыздыққа куә болып жүр. Шара қолданыңыздар.

Сіздің өтінішіңіз Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі Қ.М. Қабдуәлиевке жіберілді. Нәтижесі жөнінде қосымша хабарланады