kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Қыздар арасындағы баскетболдан ашық турнир

2016 жылдың 27-29 сәуірі күндері  Ақтоғай ауылындағы  Қайырбаев  атындағы және  Абай атындағы жалпы білім беретін орта мектептерде  Кеңестер Одағының Батыры М. Қайырбаевты еске алу  құрметіне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған қыздар арасында баскетболдан облыстық ашық турнир  өткізілді.

Жарысқа Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларының, сондай-ақ Ақтоғай, Қашыр, Ертіс, Успен және Павлодар аудандарының командалары қатысты. Жарысқа 1998 жылдан аспаған қыздар  жіберілді.

Екібастұз  қаласынан   №18 ЖОМ (Г.К.Жардамбек, Ж.Е.Гарипова - 11 сынып, Г.Т.Кибашева, А.Ж Балғабаева, Г.Е. Кажахметова - 10 сынып,  К.М.Қайратова, М.С. Бердалина - 9 сынып, К.Е. Апекова - 7 сынып) қыздар командасы  қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша Екібастұз қаласының қыздар командасы  2-орын алды.

Жардамбек Гүлнәз  «Ең үздік ойыншы» деп танылды. 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза