Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі

Бөлім басшысы: Әр аптаның сейсенбісінде сағат 16.00-18.00-де азаматтарды жеке қабылдаулар жүргізеді.

Айдар Серікұлы Иманбеков 

         Айдар Серікұлы Иманбеков 1990 жылы 3 қарашада Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген.   

Білімі жоғары, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін сәулет мамандығы бойынша аяқтаған. Жалпы еңбек өтілі - 8 жыл, мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі - 3 жыл.

         Айдар Серікұлы өз еңбек жолын «ЭкспертСтройЭкспо» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жобасының бас сәулетшісі ретінде бастаған.

        Әр жылдары:

         «SD Проект Консалтинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары, Павлодар қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші және бас маманы,  Павлодар облысы бойынша  мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы бас маманы тәрізді әр түрлі лауазымдар атқарды.

Екібастұз қаласы әкімінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі өкімімен Айдар Серікұлы Иманбеков «Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып  тағайындалды.

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 141202 Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі,  62,309 каб.

Электрондық мекенжайы: arch_ ekb@mail.ru

Ғаламтордағы сайтыhttp://arch-ekb.gov.kz

Телефоны: 34-75-17, 34-74-80.