Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Алимент бойынша қарызы бар Екібастұз қаласының тұрғыны бес тәулікке қамаққа алу алынды

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен сот шешімін орындамау фактісі бойынша іс қаралды.

 Іс бойынша Е. «Үміт» Балалар үйі» ММ-нің пайдасына 1998 жылы туған кәмелетке толмаған қызын асырауға алиментті өндіріп алу туралы 2014 жылдың сәуір айында Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық  сотының шешімі негізінде берілген атқарушылық құжаттарының талаптарын орындамағаны анықталған және осы уақытта қарызы 286 947 теңге құраған.

Сот отырысында Е. жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтың кінәсін толық көлемінде мойындап, қазіргі уақытта еш жерде жұмыс істемегендіктен және кез келген қайнар табыстары болмағандықтан, соған байланысты алиментті төлемейтінін түсіндірді. Сонымен қатар, сотқа өзінің мүгедек емес, психоневрологиялық диспансерде есепте тұрмайтынын, психикалық аурулармен ауырмайтынын түсіндірді.

Сот, Е.-ты, ӘҚБтК 669 бабы бойынша кінәлі деп танып, оған жаза ретінде 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енді.

Екібастұз қаласының мамандандырылған

әкімшілік сотының баспасөз қызметі