kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

«Завод строительных материалов» ЖШС «Западный» телімі «Экибастузское-І» кен орнында құрылыс тасын өнеркәсіптік әзірлеудің бекітілген жобасы өзгертулерінің жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулардың хаттамасы

Өткізу күні: 2016ж. 04 мамыр, 10.00

Өткізу жері: Екібастұз қ., Д.А.Қонаев ат. даңғыл, 201, конференция залы

 

Қоғамдық тыңдаулар «Екібастұз қаласы әкімдігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ ұйымдастырылды.

 

Қоғамдық тыңдауларды жүргізу жөніндегі ақпарат жұртшылыққа БАҚ-да; жергілікті атқару органының (13.04.2016ж. Екібастұз қ. әкімдігі) интернет қорында жариялау арқылы жеткізілді.

 

Қатысқандар:

Қабыкенова А.К. – «Екібастұз қаласы әкімдігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ өкілі;

Лекарев Е.М. – «Завод строительных материалов» ЖШС бас инженері;

Белова В.И. - «Завод строительных материалов» ЖШС БиОТ жөніндегі инженері;

Дүйсембинова С.С. - «Завод строительных материалов» ЖШС заңгері;

Құйшыбаев Б.С. – жобаның бас инженері;

Бейсембаев Т.З.

Жаудин А.А.

Богаечнко А.В.

 

Қоғамдық тыңдауларды ашқан – «Екібастұз қаласы әкімдігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ өкілі – Қабыкенова А.К.

 

Қоғамдық тыңдаулардың төрағасы болып - «Завод строительных материалов» ЖШС бас инженері – Лекарев Е.М. сайланды.

Қоғамдық тыңдаулардың хатшысы болып – Белова В.И. сайланды.

 

Қоғамдық тыңдаулардың күн тәртібі:

  1. Қоғамдық тыңдаулардың қатысушыларын тіркеу;
  2. Баяндама: «Завод строительных материалов» ЖШС «Западный» телімі «Экибастузское-І» кен орнында құрылыс тасын өнеркәсіптік әзірлеудің бекітілген жобасы өзгертулерінің жобасы бойынша;
  3. Тыңдаулар қатысушыларының сұрақтары;
  4. Тыңдаулар қатысушыларының сөзі (талқылау);
  5. Баяндамашылардың сұрақтарға жауап берулері;
  6. Қоғамдық тыңдаулардың жабылуы;
  7. Қоғамдық тыңдаулар хаттамасына қол қою.

 

Уақыт тәртібі:

Баяндамашылардың сөзіне 10 минут уақыт беріледі;

Жарыссөздерге 5 минут уақыт беріледі.

Баяндамашының сөзі

Сөз жобаның бас инженері – Құйшыбаев Б.С. беріледі. Баяндаманың тақырыбы: «Завод строительных материалов» ЖШС «Западный» телімі «Экибастузское-І» кен орнында құрылыс тасын өнеркәсіптік әзірлеудің бекітілген жобасы өзгертулерінің жобасы.

Жиналған қауымды жобалық құжаттаманың құрамымен және мазмұнымен таныстырды.

«Завод строительных материалов» ЖШС «Западный» телімі «Экибастузское-І» кен орнында құрылыс тасын өнеркәсіптік әзірлеудің бекітілген жобасы өзгертулерінің жобасы «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ рұқсатына сәйкес 2016-2017 жж. өндіру көлемдерінің 100 мың м³-тан 600 мың м³-қа артуына байланысты орындалды.

«Экибастузское-І» құрылыс тасының кен орны Павлодар облысына қарасты Екібастұз ауданының жерлерінде, Екібастұз қаласының шығыс жағына қарай 8 км жерде орналасқан.

Күнтізбелік жоспары өзгертулерінің жобасын әзірлеу мерзіміне өндіру жұмыстары аршу жұмыстарынсыз + 173 м көкжиекте жүргізілуде.

«Западный» телімінің «Экибастузское-І» кен орнының құрылыс тасын өнеркәсіптік әзірлеу қолданыстағы жобасына түзетулер жасау жобалаудың техникалық тапсырмасына сәйкес орындалды.

Өндіру келісімшартының жұмыс бағдарламасына сәйкес «Западный» телімінің «Экибастузское-І» кен орнының құрылыс тасын өндірудің жалпы көлемі 2312,0 мың м³ құрайды.

Кен орынның тау-кен-геологиялық жағдайлары пайдалану үшін оңай және қолайлы. Өндіру ашық әдіспен жүзеге асырылады. Карьердің техникалық шекарасы үшін жұмыспен өтеудің 50 м тереңдігінде эффузивтің жыныстардың геологиялық шекарасы мен борт еңісі бұрышының тұрақтылығына (45) байланысты бет бойынша тау-кен жұмыстарының контуры қабылданып отыр.

Карьер контурларының құрылысы кен орынның морфологиясы мен бедері, аршу жұмыстары мен пайдалы қазбалардың қуаттылығы, сонымен қатар гидрогеологиялық жағдайлар есебімен графикалық әдіспен орындалған.

Кен орынды жұмыспен өтеудің төменгі шекарасы үшін осы жобада + 155,0 м белгісі қабылданып отыр. Пайдалы қазбаны әзірлеу биіктігі 5 м іргесіне бөлумен биіктігі 10 м бес өндіру ойығы арқылы жүзеге асырылатын болмақ.

Карьер жұмысының тәртібі жобалау тапсырмасына сәйкес, толласыз жұмыс аптасымен жыл бойы тәртібі қабылданады. 11 сағаттан тәулігіне екі ауысым. Жылдағы жұмыс күндерінің саны – 300 күн.

01.01.2016 ж. жағдайы бойынша Батыс теліміндегі құрылыс тасының теңгерімдік қоры А+В+С1 санаттары бойынша 11863,6 мың м³, соның ішінде А+В санаттары бойынша – 8169,5 мың м³ және С1 – 3694,1 мың м³ құрайды (2015 жылға арналған 8 нысан).

Аршу жұмыстары жыныстарының жұмысын өтеу биіктігі 10 м дейінгі бір ойықпен жүзеге асыру жоспарланған. Аршу жұмыстары жыныстарының жұмысын өтеу жөніндегі қазу-тиеу жұмыстары шөміш сыйымдылығы 3,2 м³ тең HYUNDAI R520-LS-9S эксковаторымен, ал тасымалдау сыртқы үйіндіге карьерден 100 м қашықтықта автотүсіргілермен жүзеге асырылатын болады. Пайдалы қазба жабынын тазалау жұмыстары Shantui SD32 бульдозерімен жүзеге асырылады.

Өнімді қалыңдықтың орташа қуаттылығы (оның жабынынан бастап карьердің жобаланатын түбі белгісіне дейін + 155 м) 33,8 м бастап құрайтын болады.

Карьердің шағын қуаттылығы мен қабаттап жұмыспен өтеуін есепке ала отырып, карьерде бір эксковаторлық блок жұмысы жоспарланған. Пайдалы қазба жұмысының өтелуі шөміш сыйымдылығы 3,2 м³ тең HYUNDAI R520-LS-9S эксковаторымен (кері күрек) жүзеге асырылады.

Пайдалы қалыңдықты тікелей уатқыш құрылғысына жеткізу SHACMAN және БЕЛАЗ 7540-А автотүсіргілерімен жүзеге асырылады. Жоспарланған және қосымша жұмыстарда Shantui SD32 бульдозерлері пайдаланылады.

Кен орынды әзірлеудің тау-кен-технологиялық жағдайлары аршу және өндіру жұмыстарының ретті жүргізілуін болжайды.

Аршу жыныстарының көлемі 150,0 мың м³ құрайды. 2016 жылы 20,0 мың м³ көлемінде өтелген аршу жыныстары ДСК апарар автожолды салуға және құрылысы өнеркәсіптік алаңның аумағында жүргізіліп жатқан пандусты салуға жұмсалатын болмақ. Кейінгі жылдарда аршу жыныстарының алаңы 8484,8 м² және биіктігі 6 м тең  кен орынның оңтүстік-шығыс жағында 100 м жерде орналасқан үйіндіге шығарылады. Жұмыспен өтеудің соңына алаңы 22,9 мың м², биіктігі 10 м және көлемдері 153×150 м тең үйінді қалыптастырылмақ.

2016-2017 жж. құрылыс тасын қайта өңдеу жұмыстары MetsoMinerals (Финляндия) және SANDVIG (Швеция) маркасындағы жартылаймобильдік орындаудың екі уатқыш-сұрыптау кешені жанынан жүзеге асырылатын болады. 2018 жылдан бастап жұмысқа SANDVIG (Швеция) бір уатқыш-сұрыптау кешені жұмылдырылады деп межеленген.

ДСК дайын тауарлық өнімінің шығуымен құрылыс тасын қайта өңдеу үшін арналған: лас қалдық, 0-5 мм (таза қалдық), 5-20 мм, 20-40 мм, 40-70 мм.

Қайта өңдеудің негізгі технологиялық процесстері шығыс шикізатының елеуді және уақталуды қамтиды.

«Завод строительных материалов» ЖШС «Батыс» телімінің «Экибастузское-І» кен орнында құрылыс тасын неркәсіптік әзірлеудің бекітілген жобасына күнтізбелік жоспар өзгертулерінің жобасына қоршаған ортаға әсер етуді бағалау.

Қоршаған ортаға әсер етуді бағалаудың мазмұны мен құрамы кәсіпорынның ауқымдылығы мен экологиялық маңыздылығын есепке алады.

Кәсіпорынның қоршаған ортаға әсер етуінің сипаттамалары мен параметрлері жалпы алғанда Қазақстан Республикасында әрекет ететін әдістемелер бойынша кәсіпорынмен ұсынылған шығыс мәліметтеріне сәйкес есептеліп отыр.

ОВОС тарауындағы мазмұндау көлемі кәсіпорынның көздерінің жағымсыз әсер етуінен қоршаған орта компоненттерінің қорғалуына қамтамасыз ету жөніндегі сәйкес шешімдердің нормативтік талаптарына сәйкестік талдауын атқаруға мүмкіндік береді.

ПДВ орнатылған нормативтерге сәйкес атмосфераға шығарылулардың саны төмендегідей жылдар бойынша құрады: 2016 ж. – 208,97911 тн.; 2017 ж. – 238,39831 тн.; 2018-2025 жж. – 72, 60831 тн.

Санитариялық-қорғау аймағының шекарасында ластайтын заттар жер жанындағы концентрацияларының шашырауы есептері қорытындыларының талдауы барлық ластайтын заттар бойынша атмосфераның жер жанындағы қабатында ПДК қамтамасыз етілуі көрсетіліп отыр.

Талқылау қорытындылары бойынша негізгі тұжырымдар:

«Завод строительных материалов» ЖШС «Западный» телімі «Экибастузское-І» кен орнында құрылыс тасын өнеркәсіптік әзірлеудің бекітілген жобасы өзгертулерінің жобасын талқылау барысында ұсыныстар және ескертулер орнатылған жоқ.

Төраға:

«Завод строительных материалов» ЖШС «Западный» телімі «Экибастузское-І» кен орнында құрылыс тасын өнеркәсіптік әзірлеудің бекітілген жобасы өзгертулерінің жобасы тақырыбы бойынша ұсынылған баяндама назарға алынсын.

Талқыланатын жобаға қатысты мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізілсін.

Қоғамдық тыңдауларды жабық деп жариялаймын.

 

Қоғамдық тыңдаулардың төрағасы                             Лекарев Е.М.

 

Қоғамдық тыңдаулардың хатшысы                             Белова В.И. 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза