Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Техникалық шығармашылықтың дарындары

Сәуір айының аяғында Қарағанды қаласында «Тұлға» III халықаралық фестиваль-конкурсы болып өтті.

Конурсқа Қазақстан, Монғолия, Қытай  Республикаларының 300-ден аса  дарынды балалары қатысты.

Екібастұз қаласын әр түрлі жас санатындағы 10 тәрбиеленуші тұлғасында техникалық шығармашылық мектебі ұсынды.

Конкурстың қорытындысы бойынша «Қолданбалы өнер» номинациясы бойынша жүлделі орындарды алғандар:

7-10 жас санатындағылар:

Бас жүлде- Анель Шиянбина «Жеміс салынған себет» тоқу техникасы бойынша (жетекшісі С.К. Атабай);

1-орын Тамила Жоламанова «Тоты құс» лентамен кестелеу техникасы бойынша (жетекшісі М.Г.Иванова).

11-13 жас санатындағылар:

Бас жүлде-  Мухаммед Кудайбергенов, «Алатау» сәулеттік пішіні (жетекшісі А.К. Жуманазаров);

1-орын- Мадияр Қайдар, «Көк тас» сәулеттік пішіні (жетекшісі А.К. Жуманазаров);

1-орын- Милана Муратбекова «Ваза» квиллинг техникасы бойынша (жетекшісі М.К.Хамзина);

2-орын- Сабина Колумбаева «Абылай хан» квиллинг техникасы бойынша (жетекшісі М.К.Хамзина);

2-орын- Меруерт Кульбекова «Жолбарыстар» квиллинг техникасы бойынша (жетекшісі М.К.Хамзина);

14-16 жас санатындағылар:

Бас жүлде- Дәнияр Рамазан «Мәшһүр Жүсіп кесенесі» сәулеттік пішіні (жетекшісі А.К. Жуманазаров);

Бас жүлде- Карина Какенова «Қыз бен жігіт» квиллинг техникасы бойынша (жетекшісі М.К.Хамзина);

17-19 жас санатындағылар:

Бас жүлде- Олжас Санатбек, «ЕХРО-ға үлес қосу» сәулеттік пішіні (жетекшісі А.К. Жуманазаров).

 

 

...