Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



2012 жылы Екібастұз өңірінің мүгедектеріне көмек көрсету туралы

Екібастұз қаласында 4280 мүгедек тұрады, оның іцшінде 1 топтағы мүгедектер – 493 адам, 2 топтағы – 1693, 3 топтағы  - 1493 және 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар – 602 адам.

Мүгедектерді оңалтуға медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту кіреді.

2012 жылы 1232 мүгедек мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының ұсынымдарына сәйкес әлеуметтік оңалтумен қамтамасыз етілді, оның ішінде:

48 мүгедек – кресло-арбамен; 35 мүгедек – сурдотехникалық құралдармен (33-і мүгедек, 2-і ҰОСҚ); 411 мүгедек – міндетті гигиеналық құралдармен; 48 мүгедек – тифлотехникалық құралдармен; 44 мүгедекке ымдау тілі маманының қызметтері; 115 мүгедекке – жеке көмекшілердің қызметтері ұсынылды; 294 адам – протездік-ортопедиялық көмекпен (293-і мүгедек, 1-і ҰОСҚ); 51 адам – санаторлық-курорттық емделумен қамтамасыз етілді (44-і мүгедек, 1-і ҰОСҚ, 6-ы ҰОСҚ теңестірілген адамдар);

237 адам «Павлодар облыстық «Ардагерлер үйі» мүгедектерді және қарттарды оңалту орталығы» КММ-ға жіберілді, 101-і мүгедек, 136-ы қарттар, «Өмір» ШОО» ҚБ-ға – 93 адам.

2012 жылға үйден тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек 157 отбасыға төленді.

«Мүгедектерді әлеуметтік қолдау» бағдарламасы бойынша облысымыздың жоғарғы оқу орындарында және арнаулы орта оқу орындарында 28 мүгедек білім алып жатыр.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың аясында «Өмір» оңалту орталығы арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетеді.

2012 жыл ішінде осы Орталықпен психоневрологиялық ауытқулары бар 30 балаға, 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар 60 мүгедекке жартылай стационар жағдайында қызметтер көрсетілді. Шығындардың жалпы сомасы 30844,8 мың теңгені құрайды.

Үйде қызмет көрсету жағдайында әлеуметтік қызметкерлермен 169 мүгедек балаға және психоневрологиялық аурулары бар адамдарға қызмет көрсетіледі.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың аясында мүгедектерге тифлотехникалық құралдарды, кресло-арбаларды жөндеу және гигиеналық құралдарды жеткізу бойынша қызметтер ұсынылады.

Қалада мүгедектер арнайы көлік – әлеуметтік таксиді («Инватакси») пайдаланады – мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс. 2012 жылға жалпы сомасы 1487,5 мың теңгеге қала ішінде көлікпен тасымалдау бойынша 188 мүгедекке қызмет көрсетілді.

«Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек» бағдарламасының шеңберінде  бірқатар әлеуметтік төлемдер қарастырылған: 18 жасқа дейінгі мүгедек балалары бар отбасыларға, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған мүгедек әйелдерге, онкологиялық аурудан зардап шеккен тұлғаларға.

Еңбекке қабілетті жастағы мүгедектердің саны 3000 адамнан асады.

Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламаларының кәсіптік бөлімін орындау  мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы, сондай-ақ әлеуметтік жұмыс орындарын құру, мүгедектерді қоғамдық жұмысқа тарту жолымен іске асырылады.

Қала әкімдігімен «Екібастұз қаласының мүгедектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысы қабылданды. Қалада 145 ірі және орта кәсіпорындар жұмыс жасайды, бұнда 36000-нан астам жалдамалы қызметкерлер жұмыс істейді. Квотаның орындалуы бойынша деректер мониторингі ай сайын өткізіледі.

Бүгінгі күнге қаламыздың 55 кәсіпорнында жалпы ауру бойынша 137 мүгедек жұмыс істейді, яғни белгіленген квотадан 13,7% құрайды («Богатырь Көмір» ЖШС, «Екібастұз МАЭС-2» ЖШС, «Промсервис Отан» ЖШС, «Евроазиаттық Энергетикалық Корпорация» АҚ, «№4 Екібастұз колледжі» ММ, «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ және т.б.).

2012 жылы 3 кәсіпорында 42 әлеуметтік жұмыс орны құрылды («Павлодар облыстық мүгедектердің ерікті қоғамы» ҚБ ЕФ-да 31 жұмыс орны, «Қазақ зағиптар қоғамы» Екібастұз оқу-өндірістік кәсіпорны» ЖШС-да 8, «Каримов и К» КС-да 3).

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының аясында жастар тәжірибесіне 2 мүгедек, әлеуметтік жұмыс орындарына 2 адам жіберілді.

Ағымдағы жылы жұмыспен қамту бөліміне еңбек бойынша шепктеулері бар 41 мүгедек өтінді, оның ішінде: 10-ы 1 топтағы мүгедек, 14-і 2 топтағы мүгедек, 17-і 3 топтағы мүгедек. Оның ішінде 29 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа тұрғызылды, 4-і қоғамдық жұмысқа қатысу үшін жіберілді, 5-і тұрақты жұмысқа тұрғызылды.

Мүгедектерге жалпы пайдаланыстағы көліктерге, тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға кедергісіз кіріп-шығу үшін жағдай жасауға қатысты:

Екібастұз қаласында 194 әлеуметтік инфрақұрылым объектілері бар (67-і мектеп және мектепке дейінгі мекемелер, 1-і музыка мектебі, 7-і жоғарғы, орта оқу орындарының ғимараттары, 13-і денсаулық сақтау объектілері, 5-і спорттық-сауықтыру объектілері, 11-і қызмет көрсету объектілері, 21 тамақтану мекемелері, 7-і мәдени-сауықтыру объектілері, автовокзал, темір жол вокзалы және басқалар).

Пандустар мүгедектердің жиі баратын 129 объектілерінде немесе объектілердің жалпы санынан 66,5% орнатылды.

Арбадағы мүгедектер тұратын тұрғын үйлердің саны 154 құрайды. 7 тұрғын үйде пандустар орнатылған.

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес (2012 – 2013 жылдар), Екібастұз қаласында 102 пайдаланымдағы 102 ғимаратта, соның ішінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, халықты әлеуметтік қорғау объектілерінде және басқа да мемлекеттік мекемелерде мүгедектер үшін қол жетімді ортаның сақталуына түгендеу өткізілді. Түгендеу нәтижесі бойынша 100 объект мүгедектердің қажеттіліктеріне объектілерді бейімдеуге бағытталған кешенді іс-шаралар өткізуге мұқтаж.

2013 жылға 310,9 млн.теңге сомасына 85 объектіде шығындар құнының қажеттілігі анықталды.

Мүгедектерге қызмет көрсетуге арналған мекемелердің орналасу жерлері Строительная мен Старожилов, Пішембаев пен Строительная, «Дентамед» тіс емханасының және «Мир услуг» тұрмыс үйінің аумағында 12 жол белгiлерi және көрсеткiштер орнатылған. «Қазақстан» және «Нарық» аялдамаларының жаяу жүргiншiлер өтетiн жерінде  арнаулы дыбыстық бағдаршамдар орнатылған.

Көру, есту мүшелері, тірек-қимыл аппараты зақымдалған 1669 мүгедек жүйелі түрде спортпен шұғылдануға тартылған, ол осы санаттағылардың жалпы есебінен 4,3 пайыз.

Қаланың БЖСМ-да бұл санаттағы спортшыларға спортпен шұғылдану үшін үстел теннисінен, дойбы, шағын футбол және жүзу түрлерінен жаттықтырулар тегін өткізіледі. Мүгедектер спортын дамыту бойынша 300 мың теңге сомасына әлеуметтік тапсырыс әрекет етуде.

Павлодар облыстық мамандандырылған кітапханамен көзі  көрмейтін және нашар көретін азаматтарға мерзімді, ғылыми, оқу-әдістемелік, анықтама-ақпараттық және көркем әдебиеттер  сатып алынады және жыл ішінде әдебиеттермен алмасу өткізіледі. Екібастұз қаласының қалалық орталық кітапханасында арнайы магнитафонмен тыңдалатын «сөйлейтін» кітаптар (үнтаспадағы кітаптар), Брайль жүйесі бойынша, бедерлі-нүктелі қаріп,  жайпақ баспа кітаптары, газет-журналдар, көзбен оқу түрінде, сондай-ақ дискідегі кітаптар бар.

Ағымдағы жылы барлық жоғарыда аталған іс-шаралар бойынша жұмыс жалғастырылады, іс-шараларды іске асыруға қала бюджетінен 50,0 млн.теңгеден аса қаржы қарастырылған.

«Екібастұз қаласы

әкімдігінің халықты жұмыспен қамту

және әлеуметтік мәселелер бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің басшысы                                            Т. Тарасова