Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері сенбілік өткізді

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері еліміздің барлық облыстық орталықтарында және қалаларында сенбілікке шықты. Қалаларды тазарту мен көгалдандыруға мемлекеттік корпорацияның 3 966 қызметкері қатысты.   

«Біз жаңа құрамда жалпы қалалық сенбілікке алғаш рет қатысып отырмыз, - деді Павлодар облысы  бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалы – «ХҚКО» департаментінің директоры Жаннат  Нұржауова. – Бүгін біз облыстық орталықтардың аумақтарын тазартуға және ағаштар отырғызуға қатысып қана қоймай, сондай-ақ  бұрын жеке-жеке жұмыс жасаған төрт ұйымның ұжымын біріктірдік.

Сенбілік барысында мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері көшелерді, туған қалаларының бақтары мен саяжайларын тазартып, 2 395 көшет отырғызды, қоршау мен бордюрлерді ақтады. Бүгін барлығы да: инспекторлар, заңгерлер, экономистер және департаменттердің директорлары тең деңгейде жұмыс жасады. Өз қаласының таза болуына әрқайсысы да үлес қосқысы келді. Ал астаналық филиалдың қызметкерлері тіпті Есіл өзенінің жағалауында бірлескен флешмоб жасады.

«Бүгін Мемлекеттік корпорацияның ауқымын алғаш рет сезіндім», - деді ХҚКО Павлодар аудандық бөлімінің инспекторі Ризабек Ескендиров. – Әрине, мен біріккеннен кейін штат қызметкерлерінің саны көбейгенін 20 мың адам болғанын естідім, алайда дәл осылай болады деп күтпеген едім. Бүгін алдағы болашақта орасан зор жұмыс атқарғалы тұрған өзіміздің жаңа әріптестерімізбен бетпе-бет танысу мүмкіндігі болды».

«Жер кадастры ғылыми-өндірістік-орталығы» РМК, «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК және  «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-ларды қайта ұйымдастыру жолымен құрылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2016 жылғы 11 сәуірде өз қызметін бастап кеткендігін еске саламыз.

Мемлекеттік корпорацияны құруға барлық бизнес-процестерді оңтайландарып, автоматтандыру негіз болды, яғни: қызмет көрсету уақытын қысқарту және құжаттар тізімін азайту. Алғашқыда «Азаматтарға арналған үкімет» 522 қызмет көрсетсе, келесі этапта 700-ден астам мемлекеттік қызмет көрсетпек.