Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Екібастұз Барысы» - 2016

         2016 жылдың 30 сәуірінде «Жасыбай» спорт мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған «Екібастұз Барысы» қазақ күресінен дәстүрлі іріктеу турниры өткізілді.

Қалалық турнир «Нұр Отан» партиясы, қазақ күресі федерациясы қолдауымен өткізілді.

Турнирдың демеушілері – «Богатырь Көмір» ЖШС,  «Проммашкомплект» ЖШС, «Диас-Дар» ЖШС, «Казахтрансэкспедит» ЖШС, «Керемет Азия»  ЖШС, «Эмирейт» ЖШС және т.б.

         Турнирде «Богатырь Комир» ЖШС, ГРЭС-1, ГРЭС-2, «Восточный» кенші, «Майкубен Вест» ЖШС, Екібастұз қаласының ІІБ кәсіпорындары мен мекемелерінің, «Жасыбай» БЖСМ және №3 БЖСМ тәлімгерлері, Ақкөл ауыл округінің, Шідерті және Солнечный кенттерінің шамамен 50 спортшылары қатысты.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері: Кусайнов Дулат , Хасенов Аскар, Ишмамаетов Даулет, Атеев Маргулан,  Утепбергенов Нурболат, Сламбек Елемес, Алькенов Иманбек, Сарманов Ерганат, Алипбеков Тимур, Ахметов Мейрам, Серикбаев Нуржан, Рискулов Дамир, Бакытов Рымгали, Мукушев Даурен, Сайботалов Наиль, Махамбетов Ислам, Балтенов Фархад, Егинбаев Еркебулан, Кусайнов Дулат, Досжанов Жусупбек, Махамбетов Алибек, Тусив Алибек, Митыков Еркасым, Тагиев Расим, Кыдрманов Шынгыс, Хатаев Расул.

Абсолюттік салмақта III орынды «Екібастұз Сұңқары» номинациясында  Егінбаев Еркебұлан алды. II орынды «Екібастұз Арланы» номинациясында  Махамбетов Ислам  иеленді. I орынды «Екібастұз Барысы» номинациясын  Нұрпейісов Әділет жеңіп алды. Оларға ақшалай сыйлық, диплом, медаль және мүсін табыс етілді.

         Сонымен қатар, қазақ күресінен қаланың ең мықты спортшысы ретінде, абсолюттік салмақтың чемпионы «Екібастұз Барысы» иегеріне алтын белбеу мен титул берілді.   

Жарыстың жеңімпазы және жүлдегерлері 9 мамырда Павлодар қаласында өтетін  «Ертіс Барысы» облыстық іріктеу жарысына қатысады.