Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қала әкімі Қайрат Нүкенов екібастұздықтарды Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады

Екібастұз қаласындағы «Қазақстан» кинотеатры орналасқан алаңда Достық үйінің этно-мәдени бірлестіктерінің қатысумен мерекелік «Достығымыз жарасқан, бақытты ел Қазақстан» атты фестивалі өтті.

Қаланың тұрғындары мен қонақтарын Екібастұз қаласының әкімі Қайрат Нүкенов құттықтады.

- Шын ниетпен баршаңызға зор денсаулық, мейірімділік, бақыт, әр шаңыраққа құт-береке, Қазақстан Республикасының игілігіне арналған жаңа жетістіктер тілеймін, - деді қала басшысы және салтанатты марапаттау рәсімін өткізді.

 «Мемлекеттік тілдегі үздік патриоттық өлең» номинациясымен Амина және Луиза Ибаковалар марапатталды, «Лезгинка биінің үздік орындаушылары»  - Даурен Қайырбергенов, Асылхан Сәрсекей және Әділет Ниет; «Талапты әнші» - Нұрсұлтан Жакаманов; «Әуенді ұжым» - «Энергоуправление» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлері Унтерова Розия, Кацаева Кавсария және бишілер тобы;  «Ең үздік квартет» - «Богатырь Көмір» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлері Мусин Руслан, Нэлли Штрауб, Мамырханова Жадыра және Оздоев Азамат;   «Әсем әуен үндестігі» - «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» акционерлік қоғамы «Солтүстік жүйеаралық электр тораптары» филиалының қызметкерлері Қамаргүл Қожахметова және Әйгерім Смаилова;  «Атадан қалған асыл мұра» - «Богатырь Көмір» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлері Бозжігітов Руслан, Тиыштықбай Берік және Оздоев Азамат;  «Шаттық шеңбері» - «Болат Нұржанов атындағы МАЭС-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің матрешкалары; «Аспапта үздік орындаушылар»  - Раиса Канавец және «Энергоуправление»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкері Нұрсайын Кенжетай;  «Ең үздік патриоттық ән» - «Болат Нұржанов атындағы МАЭС-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкері Саят Көшкінбаев; «Ең үздік топ мүшесі» -«Горэлектросеть»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкері Гүлнұр Кәрімова; «Белсенді ұйымдастырушы» - Клепица Фарзия;  «Талапты ұйымдастырушы» - «Богатырь көмір» жауапкерлігі шектеулі
серіктестігінің қызметкері Манар Ерботина;  «Ұшқыр ойлы ұйымдастырушы» - «Болат Нұржанов атындағы МАЭС-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкері Хамитова Жаңылсын; «Татулық бесігі» - «Промсервис-Отан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; «Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі» - «Берт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; «Бірлігі жарасқан кәсіпорын» - «Вершина» және «Гамма» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері;  «Ынтымағы жарасқан» - «Восточный» кеніші.

ІІІ дәрежелі дипломға «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» акционерлік қоғамы «Солтүстік жүйеаралық электр тораптары» филиалы ие болды.

ІІ дәрежелі дипломды «Горэлектросеть» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «Горводоканал» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны алды.

І дәрежелі диплом «Богатырь көмір» және «Энергоуправление» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне тиді.

Бас жүлдені «Болат Нұржанов атындағы МАЭС-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңіп алды.