Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Жеңіс Туы» Екібастұзда

Ұлы Отан соғысының 71-жылдығын тойлау аясында Мәскеу түбіндегі шайқаспен Панфилов дивизиясының 75-жылдығына арналған «Жеңіс Туы» атты облыстық әскери-патриоттық эстафета ұйымдастырылды.

Акция 25 сәуір күні Ақсу қаласынан бастау алып, 27 сәуірде екібастұздықтар «Жеңіс Туын» қарсы алды. Аталмыш іс-шараға спортшылар, жасұландықтар, кадеттер қатыстырылды.

- Келе жатқан ерліктің, төзімділік пен батылдықтың мейрамы – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің  71 жылдығы құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, бақыт тілеймін, - деді қала әкімінің орынбасары Мәриям Адасбаева митингтегі сөзінде және барлығына мықты денсаулық, мейірімділік, құт-береке тіледі.

Әрқашан бейбiт аспан болып, күн шуағы жарқырай берсін!№9 және 21 орта мектептерде әскери-спорттық жарыстар өткізілді. 

...