Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қайрат Теміршотұлы Нүкенов - Екібастұз қаласының әкімі болып тағайындалды

Павлодар облысы әкімінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 77-ө өкімімен Қайрат Теміршотұлы Нүкенов Екібастұз қаласының әкімі болып тағайындалды.

Кайрат Темиршотович Нукенов 1970 жылғы 15 қыркүйекте Павлодар облысы Железин ауданы Захаровка ауылында дүниеге келген.

1987 жылы Железин орта мектебін аяқтап, еңбек жолын «Железин» кеншарының мал шаруашылық кешенінде жұмысшы ретінде бастады.1988 -1990 жылдар аралығында Кеңес армиясында әскери қызметін өтеді. Әскерден кейін «Трестжилстрой» шаруашылық есепті жастар  бірлестігінде экспедитор болып істеді. 1992 жылдан бастап коммерциялық құрылымдарда басшылық лауазымдарында болды. 2002 жылы  Омск қаласындағы Сібір мемлекеттік автомобиль-жолдары академиясын «Экономика және кәсіпорындардағы басқару» мамандығы бойынша, 2014 жылы                П.А. Столыпин атындағы  Омск аграрлық университетін «Жеміс-көкөніс және жүзім шаруашылығы» мамандығы бойынша  аяқтады. 2012-2013 жылдар аралығында Железин ауданының әкімі. 2013 жылы - Павлодар облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы.

Лауазымға тағайындалғанға дейін Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімі болып қызмет атқарды.