Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұзды көгалдандыруда «ЕЭК»АҚ «Шығыс» кенішінің жұмыскерлері зор үлесін қосты

       Екібастұздың «Үміт» балалар үйінің аумағына Еуразиялық Топ (ERG) құрамына кіретін, «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ «Шығыс» кенішінің ардагаерлері ата-ананың қарауынсыз қалған балалармен бірге Жер күінде 50 қарағай мен 30 қайың отырғызды.

 

«Үміт» балалар үйінің аумағына Даңқ аллеясын отырғызуды «Шығыс» кенішінің зейнеткері Евгений Боровиков ұсынды. Кәсіпорынның ардагерлер ұйымы мен кәсіподақ комитеті бұл ұсынысты қолдады.

-Біз балалармен бірге алдымен көшеттерді саябақта отырғызбақшы болдық.Бірақ,ол жерде жас ағаштарды кім күтеді?Ал мұнда,балалар үйінің аумағында,балалар қадағалайды.Мен өзім де келіп отырамын,қажет болса суарамын.Әрине,балалар да көмектеседі!- дейді сеніммен «ЕЭК» АҚ «Шығыс» кенішінің зейнеткері Евгений Боровиков.

Балалар мен зейнеткерлер үшін түйнекте ағаштардан бөлек бәйшешектің өсіп шығуы жағымды тосын сый болды,бұл балалардың қарқынды қызығушылықтарын тудырды.Дегенмен,көгалдандыру акциясы да «Үміт» баларалар үйінің тәрбиеленушілерінің көңілінен шықты.

-Бүгін тамаша күн:Еңбек күні,Жер күні.Бүгін біздің қымбатты ардагаерлеріміз келіп,бізге уақыттарын бөлді.Біз Даңқ аллеясын отырғызып жатырмыз және осыдан кейін біздің үйіміздің аумағы бұдан да әдемі әрі жайлы болады,-деп санайды «Үміт» баларлар үйінің тәрбиеленушісі Сабина Леконцева.

Сонымен қатар кеншілер балалар үйінің аумағына 6 орындық және қоқыс салатын жәшіктер орнатты.

Еске салсақ, «ЕЭК» АҚ «Шығыс» кеніші 15 жыл бойы «Үміт» балалар үйінің қамқоршысы болып табылады.Кеншілер әрдайым балаларды қолдайды.Балалармен бірлесіп іс-шаралар өткізеді,қайрымдылық акциясын ұйымдастырады,ал ең бастысы балалар үшін ең сенімді достары болып қалады.

 

Елена Гордеева