Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Марат Каиржанович Куспеков Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Марат Каиржанович Куспеков Екібастұз қаласы әкімінің 2013 жылғы 8 тамыздағы  өкімімен Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы  болып тағайындалды.

Марат Каиржанович Куспеков 1963 жылы туған, білімі жоғары, 1986 жылы Павлодар индустриалды институтын өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс  мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1980 жылы Екібастұз кеншарында құрылыс учаскесінің жұмысшысы ретінде бастаған.

1989 жылы «Екібастұз шахта құрылысы» комбинатында шебер, «Шебер» кооперативінде прораб болып  істеді, 2000-2009 жылдар аралығында «МАК»ЖШС директорының, 2009-2013 жылдар аралығында «Айбек» шаруа қожалығында басшы қызметін атқарды.

Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы  болып тағайындалғанға дейін Екібастұз қаласы Екібастұз ауданы Мыңтомар ауылында «МАК Трэйд Компани» ЖШС директоры лауазымын  атқарды.

2013 жылдың  тамыз айынан бастап Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы  лауазымында.