Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Сені қанаттандыратын кітап әлемі

20 сәуірде бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешенінде ТМД елдері, шетелдер ақындары мен жазушыларының мерейтойларына арналған «Сені қанаттандыратын кітап әлемі» атты әдеби фейерверк өткізілді.

Бұл шара балалар әдебиетін қолдауға, оқырмандардың ой-өрісін кеңейтуге бағытталған. Оған ең үздік оқырмандар, мектеп оқушылары, Павлодар, Ақсу қалаларынан келген қонақтар, ата-аналар, педагогтар мен мектепке дейінгі балалар ұйымдарының әдіскерлері, мектептердің оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп кітапханаларының жұмыстарына бағыт берушілер, жалпы 235 адам қатысты.

«Қайнар» орталығының холында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік», «Сүйікті кітаптар мерейтойы», «Сиқырлы үн, ойлы ертегілер!», «Туған жер өлең өрінде»  кітап көрмелері безендірілген.

Балалар көркемсурет мектебі Астанаға арналған ертегілер кейіпкерлері тақырыбына балалардың шығармашылық экспозициясын көрсетті.

№ 22 мектеп-гимназиясының оқушысы Нығмет Айтолқын еліміздің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік» өлеңін оқыды.

Соның жалғасы ретінде «Қазақстан» әні шырқалды. № 9, 11, 18, 22, 23 мектеп оқушылары әндерін туған жерге және қазақстандық классиктерге арнады. 

Әншілер Қуат Құдайқұлов пен Джейкоп (Евгений Радчук) әйгілі хит-әндерімен көрермендерді сүйсіндірсе, бард-әнші Раиса Канавец  кітапқа арнаған және №15 бала бақша әдіскері Наталья Ковалёва өз өлеңдерін ұсынды.

Мектеп оқушылары мерейлі даталарға арналған театрландырылған көріністер көрсетті. 

Сондай-ақ № 13, 24, 25, 26, 10 мектептердің оқушылары балалар әдебиетін таңдап, өздерінің сүйікті кейіпкерлері Незнайка,Чипполиноны бейнелеп, Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» повесінен үзінді  қойды.

№ 7 мектептің оқушылары жазушы Памела Трэверстің мерейтойына орай «Мэри Поппинс достарын қарсы алады» қойылымын көрсетсе, № 33 мектеп пен № 6 мектеп-лицей оқушылары шетел классиктерінің, Роберт Бернс, Рабиндранат Тагордың шығармаларын орындады. Гетенің өлеңдері қазақ, орыс және неміс тілдерінде оқылды.  

Музыка мектебінің оқушылары ән айтып, баянда және домбырада ойнап, жұлдыздар шеруін көрсетті.

Пушкиннің өлеңіне арналған романсты № 35 мектеп-гимназиясы музыка пәнінің мұғалімі Т.Н Еркович шырқаса, № 2, 17, 21, 35 мектептердің оқушылары А.С. Пушкиннің, Н.В. Гогольдің шығармаларын тамашалатты. 

№ 18 мектеп оқушылары Зейтін Ақышевтың  театрландырылған «Жаяу Мұса» қойылымымен, ал Қуат Құдайқұлов пен Евгений  Радчук  «Екібастұз» және «Астана» әндерімен мерекелік шараны аяқтады.

...