kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫ ЕСКЕРТЕДІ!

Кенелер маусымы басталды...

 

Күн шуағы жарқырай төгілетін, жайылымдар мен алаңдар, бақша мен ормандар көктейтін көптен күткен көктем де келіп жетті. Жасыл жапырақтар жайқалып, қалалық тұрғындар табиғатпен қауышуға асығады, саяжайын баптауға, аң, балық аулауға аттанады. Өкінішке орай, осы кезеңдегі кенелердің кергеңдеуі табиғаттағы қуаныш ләззатын әбден бұзуы мүмкін.  

Жылдың осы мерзімінде кененің шағу қаупі мен одан қалайша сақтану керек екенін ұмытпаған жөн.

         Кене - өрмекші тектес сыныптағы, топырақта, орман төсемінде, құстардың ұясы мен індерде мекендейтін көп аяқты омыртқасыз жәндік. Жекелеген түрлері ормандағы сауаттар мен теңіздерде өмір сүреді. Кене жануалар мен өсімдіктерге зиянын тигізеді. Оның әр түрлері кездеседі; панцирлық, қанатты, амбарлық (астықтық), өрмектік.

Кененің көктемгі-жазғы кезеңдегі энцефалит – табиғаттық – ошақтық, трансмиссиондық (кенелер арқылы берілетін) вирустық жұқпалы ауру орталық жүйке жүйесін қатты зақымдайды және шаққандардың көпшілігі қаза болады.

Кене өзінің даму мезгілі 5 жылға дейін жалғасады, төрт кезеңнен өтеді: жұмыртқа – личинка – нимфа – есейген түрі (имаго). Бір кезеңнен басқа кезеңге өту үшін, бұл тойымсыз «қансорғыш»  қанға тою керек. Ең алдымен личинкалардың құрбаны  кеміргіштер ( тышқандар, егеуқұйрықтар) болады, нимфа қояндарды, кірпілерді, ақ тиінді шағады, ал есейген кене мал мен адамдарды шағуды ұнатады. Өзінің  даму кезеңі 5 жылға дейін жалғасады, ауру малды шаққан болса, мұндай кене ауру қылатын вирустардың қауіпті жұқтырушысы болады.

Қанға тойған аналық, ұрықтанған кейін, міндетте түрде қорек болатын  жерлерге- кеміргіштердің, құстардың және тағы басқа ұялардың орта есеппен 3 мыңнан 8 мыңға дейін жұмыртқа салады. Сондықтан саябақшылар арнайы дүкендерде сатылатын дельтометрин атты препаратпен қорғана алады.. Кененің шаққан шақпағандығын тері арқылы сырттай білу мүмкін емес, сондықтан барлығынан сақтанған дұрыс. Кенелер көктемнің аяғында жаздың басында аса қауіпті.

Кене энцефалиптпен қатар өзге ауруларды қоздырады: қышыма, әртүрлі аллергия түрлері, тыныс жолдарының қабықтық, қабаттарының ісінуі, безгек, созылмалы демікпе. Кене шаш талшықтары арқылы зақымдайды (шаштың тамыры арқылы) және жануарлар мен адамдардың тері жамылғысын зақымдайды, демодикозды тудырады (кене шақан кезде тері қыртысын залалдайтын жануарлар ауруы). Қаладан тыс жерде болған кезде ылғалды, қаулап өскен көк жерлерге байқап отыру қажет жас боз тал тұқымдас жапырақты теректер өсетін орындардан аулақ болған жөн. Кенелер өз құрбандықтарын әсіресе орман соқпақтарында, жайқалған жапырақтарда (биіктігі бір метрге дейін) бұтақтар мен шөп сабақтарында күтеді. Кенелерден кауіпсіз жер таңдаған кезде бұтасыз ашық тоғайды, құрғақ қарағай алқабын, ашық егістік пен жел соғып күн түсетін орынды таңдаған дұрыс, мұндай жерлерде кенелер мүлдем кездеспейді деуге болады. Сонымен қатар кенелер таңертең және күн батарда белсенді болатындығын естен шығармау керек. Ыстықта немесе жауын кезінде кенелер қабілетсіз келеді, шабуылға қауқары болмайды.

Кенеден қорғану үшін ыңғайлы киім таңдаған дұрыс. Сыртқы киіміңіз мақта - мата тігілгеген киімнен қарағанда, баллондық немесе сол тәріздес жайпақ маталардан тігілген болуы керек. Сырттан киетін күрте, көйлек шалбардың астына белбеу арқылы басылуға тиіс. Кенелер оңай өрмелейтін көйлек пен шалбар олар шыға алмайтындай тартылып байлануға тиіс. Тәжірибе көрсеткендей, кенелер тозған маталарға кенелер үйір келеді. Кенелер шалбардан киімнің астына оңай өтеді. Шалбардың балағын жіппен, шөп сабағымен не резеңкемен буған немесе шұлықққа салған жөн. Кенелер көп кездесетін аймақта ұзын етік киіп жүрген дұрыс. Басқа тымақ сияқты бас киіммен қорғауға ең жақсысы кенелердің кіруінің қиындататын тұтас жамылғымен қорғанған дұрыс. Қара кенені қара матадан табу өте қиын. Сондықтан ақшылтым киім киген дұрыс. Сақтандыру майы болған кезде оны киімге, жағаға және кенелер кіріп кетуі мүмкін саңылауларға жаққан дұрыс. Орманға демалуға шыққан кезде өздеріңізбен бірге итті алмаған жөн, өйткені оның жүніне кенелер көп қаптайды. Кененің шаққандығы сезілмейді, ол жараға зарарсыздандырылатын заттарды түсіреді, сондықтан кенені бірден байқау мүмкін емес. Кененің байқалмай кіретін жерлері қолтық, мойын, шап, құлақтың сырты және ол осы жерлерден басқа жерге оңай ауысады. Қанды сорып жатқан кенені көргенде, оны қысуға немесе қатты сілкуге болмайды. Бұл аурудың қозу ықпалдығын күшейте түседі. Кенені стерильді пинцетпен немесе таза дәкі оралған саусақпен (оның ауыз қуысына мүмкіндігінше жақындау арқылы), оны сақтықпен, байыпты қозғалыспен, баппен жан-жаққа қозғалта отыра тері жамылғысынан алуға тырысыңыз. Егер теріге жабысқан кененің басы жұлынса ол қара дақ күйінде қалады, онда кененің жабысқан жерін спирт жағылған мақтамен немесе бинтпен сүртіңіз.Одан кейін бас жағын отқа алдын ала күйдірілген инемен басып алып тастаңыз. Кененің денесін қолмен немесе пинцетпен сақтықпен қатты қыспай алу қажет, өйткені жараға ауру қоздырғыштар енуі мүмкін. Терідегі кенені жаншудың қажеті жоқ, оның салдарынан іріңдеуі немесе ісінуі мүмкін. Шаққан кенені алған қолмен көзді, ауыздың жан жағын мұрынды ұстамау керек, өйткені лас қолмен желінген тамақ асқазан-ішек жолдары арқылы ауру қоздыруы мүмкін.

Соңғы жиырма жылдықта көптеген мамандықтағы дәрігерлерді кененің шағуынан болған және оның негізгі таралған түрлерінің бірі- боррелиолиздың ықпалынан тарайтын аурулар қатты алаңдатты. Лайма (боррелиоз) аурулары кене шаққаннан кейін адам ағзасына түсетін спирохетті жандандырады. Шаққан кезде спирохет қанға енеді және тез өне бастайды адамның маңызды ағзалары мен мүшелерін зақымдайды. Бұған ең алдымен жүйке жүйесі, жүрек, тері мен көз ұшырайды.

Ауруға шалдыққан адам маңдай, самай  төңірегі сырқырайды, ыстығы көтеріліп, жүрегі айныйды, құсу, діріл пайда болады көздің көруі мен есту қабілеті нашарлайды, мұндай жағдайда адам темекі шегуге, моншаға баруға болмайды. Зардап шеккен адам көп кешікпей емдеу мекемесіне барған жөн.

Екібастұз қаласының ТЖ басқармасында 87182(536057) сенім телефоны жұмыс істейді. Осы нөмірге қоңырау шалып, кез келген адам басқарма қызметкерлерінің заңға қайшы іс-әрекеттері туралы хабарлай алады.

                                 

М. Хамитова, Екібастұз қаласы

 ТЖ басқармасының

төтенше жағдайларды

ескерту тобының бас маманы

 

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза