Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



2015 жылғы 30 желтоқсандағы Екібастұз қаласы атқарушы органдары «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналастыру үшін өткізілген конкурстар жөнінде ақпарат

«Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ-де 2015 жылдың 30 желтоқсанда «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналастыру үшін конкурс өткізілді.

         Конкурсқа 12 үміткер қатысты. «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналастыру үшін пікіралысу жүргізу қорытындысы бойынша:

- «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бас маманына Рустам Аккужин ұсынылды;

- «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ бас маманына Ардак Ахметова ұсынылды;

- «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ бас маманына Лейла Кабиденова ұсынылды;

- «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» ММ бас маманына Аяна Кошербаева ұсынылды;

- «Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бас маманына Альмира Нурмакина ұсынылды;

- «Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманына Айнаш Темирханова ұсынылды;

- «Екібастұз қаласы Теміржол ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманына Ажар Асаинова ұсынылды.

 

         Қала әкімі аппараты конкурстық комиссиясы жұмысының айқындығын және әділдігін қамтамасыз ету мақсатында комиссияның отырысына бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі – «Екібастұз дауысы» ақпараттық орталығы» ЖШС директоры-бас редакторы Айнур Мейрамова, «Нұр Отан» партиясының өкілі Айнамкоз Рахимжанова бақылаушылар болып қатысты.

        

Екібастұз қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі