kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Екібастұз қаласында 2015-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде өңірде 956 млрд. теңгеден артық инвестициялардың жалпы көлемі бар 23 жоба іске асырылуда.

Бүгінгі күнге 456,8 млрд. теңге жалпы сомасына 16 жоба енгізілген. 3000 аса жұмыс орны құрылды.

Анықтамалық:

2010 жылы -  Индустриализация картасының 4 жобасы (Инвестиция көлемі – 16,5 млрд. теңге, жұмыс орындар саны – 260).

2011 жылы - Индустриализация картасының 3 жобасы, 8,2 млрд. теңге инвестиция көлемімен, жұмыс орын саны – 209.

2012 жылы Индустриализация картасының 2 жобасы, 11,6 млрд. теңге инвестиция көлемімен,жұмыс орындар саны – 370.

2014 жылы - 3 жоба, 8,0 млрд. теңге инвестиция көлемімен, жұмыс орындар саны – 130.

2015 жылы - 2 жоба, 409,06 млрд. теңге инвестиция көлемімен, жұмыс орындар саны – 2500.

2016 жылы – 1 жоба, 3,2 млрд.теңге инвестиция көлемімен, 70 жұмыс орны құрылды.

499,2 млрд.теңге жалпы көлемі бар, 1,1 мың жұмыс орнын құрумен 6 жобаны іске асыру жалғасуда.

Оның ішінде:

Республикалық Индустриализация картасының 2 жобасы, 393,5 млрд. теңге инвестиция көлемімен және 1200 жұмыс орнын құрумен;

Өңірлік Индустриализация картасының 4 жобасы, 105,7 млрд. теңге инвестиция көлемімен және 1600 жұмыс орнын құрумен;

2016 жылы мына объектілерді енгізу болжанып отыр:

Теміржол біліктерінің өндірісі мен жұп доңғалақтарды қалыптастыру жөніндегі зауыт («R.W.S. Wheelset» ЖШС);

«Проммашкомплект» ЖШС теміржол саласы үшін 40 млрд. теңгеден артық инвестициялық көлемімен доңғалақтарды шығару жөніндегі цехтың құрылысы жалғасатын болады.

 

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза