kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы жөніндегі ақпарат

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың

бірыңғай бағдарламасы шеңберінде 2016 жылы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Өңірлік үйлестіру кеңесінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша 7,6 млрд. теңге жалпы сомасына 44 жоба мақұлданылды.

         Несиелер бойынша кепілдік ұсыну бойынша 53,8 млн. теңге жалпы сомасына 2 жоба мақұлданылды.

         Кәсіпкерлік субъектілерін субсидиялау және кепілдік ұсыну екінші деңгейдегі банктер арқылы қаржыландырылады. Екінші деңгейдегі 12 банктердің ішінен «Бизнестің жол картасы 2020» іске асыруда Қазақстанның Халық Банкі, Сбербанк России, Еуразиялық банкі, Fortebank және т.б. белсенді қатысады.

         2 мемлекеттік грант 5,5 млн. теңге сомасына мақұлданылды.

         2016 жылы 132,5 млн. теңге жалпы сомасына 29 адам микрокредит алды.

Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жеткізу бойынша 352,6 млн. теңге сомасына 1 жоба мақұлданылды, «ЭМПК» ЖШС-нің 540 га. жер телімінде жүйелі суғару жүйесінің құрылысына» 2000 аналық мал басы етті бағыттағы мал шаруашылығы кешенін ұйымдастыру мақсатында Екібастұз қаласының Екібастұз ауылдық округінде қолданыстағы кәсіпорын базасында 540 га жүйелі суғару жүйесін құрумен.

Сонымен қатар кәсіпкерлерге, мемлекеттік бағдарламаларға қатысуды жоспарлаған тұлғаларға , өздігінен жұмыспен қамтылғандар, жұмыссыздар, аз қамтылған халық арасынан және әрекет ететін кәсіпкерлерге консультация беруді, бизнес-жоспарларды әзірлеуді есептегенде кешенді қолдау көрсету бойынша тегін семинар өткізілді. Оқудан 100 –ден аса адам өтті.

 

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза