kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның 2016 жылғы наурыздағы жұмысы туралы

2016 жылдың наурыз айында қала әкімінің орынбасары М.Д. Адасбаеваның төрағалығымен Комиссияның 2 отырысы өтті.

Отырыстарда 2016 жылға  арналған жоспарға сәйкес келесі мәселелер қаралды:

1)Қаланың №11, 12, 13 және  17 ЖОББ мектептері ата-аналар комитеттері төрағаларының  есептері;

2)Мектеп психологтерінің, әлеуметтік педагогтерінің, медицина қызметкерлерінің, полиция инспекторларының кәмелетке толмаған балаларға қатысты зорлық –зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысын тексерудің нәтижесі туралы;

3) Екібастұз қаласының кәмелетке толмаған  балалары арасындағы  нашақорлықтың, алкоголизмнің және темекi шегушілiктің алдын алу;

4) Қаланың оқу орындарындағы бейнебақылау аспаптарының сапасы мен тиімділігі туралы;

5) Құқық бұзушылықтың профилактикасы жөніндегі Кеңестің қызметін тексерудің нәтижесі және  қаланың  білім бөлімі қорғаншылық және қамқоршылық органының жұмысы туралы.

         Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

         Сондай-ақ, Комиссиямен кәмелетке толмағандарға қатысты 3 жеке іс қаралды.

         Қазіргі уақытта екі кәмелетке толмағанды арнайы білім беру ұйымына орналастыру жөнінде сотқа жіберу үшін материалдар дайындау жұмыстары жүргізілуде.

         1 жасөспірімге қайта құқық бұзушылыққа жол бермеу жөнінде ескерту жасалып, Комиссияның бақылауына алынды.

         Комиссия шешімінің орындалуы кезекті отырыста қаралатын болады.

 

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза