Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Ерлан Жанбыртаевич Кабылтаев Екібастұз қаласы Құдайкөл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Ерлан Жанбыртаевич Кабылтаев Екібастұз қаласы әкімінің 2016 жылғы 22 ақпандағы өкімімен Екібастұз қаласы Құдайкөл ауылдық округі  әкімінің міндетін атқарушы  болып тағайындалды.

Ерлан Жанбыртаевич Кабылтаев 1965 жылы туған, білімі жоғары, 1989 жылы Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтын зоотехник мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы Екібастұз ауданы Ақкөл кеншарының   зоотехнигі ретінде бастаған.

1993 жылы «Ақкөл»ҮИК басқармасының төрағасы болып сайланды, 1996 жылдан бастап Екібастұз аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры, 2000 жылы Екібастұз қалалық төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды.

2001-2009 жылдар аралығында –Екібастұз ауылдық округінің әкімі, 2009-2013 жылдар аралығында -Өлеңті ауылдық округінің әкімі.

Құдайкөл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы болып тағайындалғанға дейін «Айдар» шаруа қожалығы директорының орынбасары лауазымын атқарды.

2016 жылдың ақпан айынан бастап Екібастұз қаласы Құдайкөл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының лауазымында.