Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қорғаншы және қамқоршылық органының қызметі туралы

Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында Екібастұз қаласының білім бөлімінде  қорғаншы және қамқоршылық   органы  жұмыс істейді.  

Қорғаншы Органының қызметі ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Бала құқығы туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық  актілеріне   негізделеді.

Бүгінгі күні жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалар саны 259 баланы құрайды, оның ішінде тұл жетімдер  - 101 және  ата-анасының қамқорлығысыз қалғандар - 158 бала.

Патронаттық тәрбиеде 7 бала.

Асыраушысынан айрылуы бойынша жәрдемақы алатындар - 165 бала,  қалғандары  тірі ата-аналары барда «әлеуметтік жетімдер» болып саналатындар.   

Сонымен қатар,  ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 30-наурыздағы № 383 Қаулысына сәйкес осы санаттағы балаларға айсайын     жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларды  күтіп-ұстауға   10 АЕК мөлшеріндегі сома бөлінеді.

Бұл санаттағы балаларға жалпыға міндетті оқу қорынан көмек көрсетіледі. Атап айтқанда: тегін тамақтандыру, кеңсе тауарлары, киім мен аяқ-киім беріледі.

Жылсайын  200 жетім бала мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалар, әлеуметтік қорғалмаған отбасыларындағы балалар Баянауыл  лагерлерінде дем алады және сауықтырылады.

14 жастан асқан балаларға жазда жұмысқа орналастыруда көмек көрсетіледі.

Тұрғын үй саласындағы бірден бір маңызды мәселелердің бірі ол, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған  мекемелердің түлектерін тұрғын үй алаңымен қамтамасыз ету мәселесі.  Тұрғын үй құқығын қорғау  келесі бағыттар бойынша  жүзеге асырылады: : тұрғын үйді бекіту, тұрғын үй бөлу және түлектердің кәмелет жасына жеткенге дейін  тұрғын үйді пайдалануына бақылау жасалады. 

Бүгінгі күні  93 жетім бала мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған бала тұрғын үй алды.