kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Екібастұздықтар таеквондодан өткен республикалық біріншілікте жеңімпаз атанды

15-17 сәуір аралығында Екібастұз қаласының №3 БЖСМ-нің спорт залында  балалар және кадеттер арасында WTF таеквондодан ашық біріншілік  өткізіліп, онда   республикамыздың бес облысынан 150-ден астам  Астана, Ақтау, Қарағанды, Павлодар қалаларының және жарыс иегерлерінің спортшылары қатысты.

Шараның ашылуына №3 спорт мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Светлана Королева балаларды жарыстың ашылуымен құттықтады және сәттілік тіледі.

Ойындардың қортындысы бойынша №3 БЖСМ-нің құрама командасы қөшбасшы болып атанды. Өз салмақ дәрежелерінде Копишева Алика, Қайрат Ермас, Бектасов Бекназар, Сейтова Даяна, Аблаев Расул, Мирзабаев Мейірбек, Алкенов Жақсылық, Бектемір Әлібек жеңімпаз атанды. Станкова Елизаветта, Каленова Жаскен, Сәбит Әли, Дулат Ақайдын, Абдуллаева Әмина, Қайдарахман Ерқанат, Майдан Әділ екінші орынды иеленді. Үшінші орын Серікбай Әлиханның, Муслим Әлиаскардың,  Еркенов Шыңғысханның, Бейбітов Еділдің еншісіне тиді. Спортшылар оқытушы-жаттықтырушылар Н.Г. Базылбаев және Д.Б. Бекеновте жаттықтырылады.

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза