Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұздықтар сенбілікке қатысты

Екібастұз қаласы әкімінің өкіміне сәйкес 2016 жылғы сәуір-мамыр айларында қала мен ауылдық аймақты абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша айлықты өткізу туралы іс-шаралар жоспары және жұмысты бағыттау штабы құрылды.

16 сәуір күні Екібастұзда жаппай сенбілік өтті, оған 26 мыңңан аса адам қатысты.

Қала бойынша және елді мекендерде бекітілген аумақтарды тәртіпке келтірген 728 ұйым мен кәсіпорын тартылды.

236 мың м2 алаңындағы үйдің іргелес аумақтары мен елді мекен шеттері тәртіпке келтіріліп, қоқыстан тазартылды. 88 техника бірлігі жұмылдырылды.

1000 дана көшет отырғызылды.

Қала бойынша 3000 ағаш пен бұталар әктелді. 11 ескерткіш, обелиск, стеллалар  жөнделді.  

Қаланы   абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстары жалғасуда.

 «Екібастұзкоммунсервис», «Диас дар», «Ардабил ЛТД», «К және компания», «Тамыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерімен ірі-ауқымды қоқыс шығару мен қаланың шағын аудандарында апаттық қоқыс жерлерін жою жұмыстары іске асырылады.

Қаланы абаттандыру мен санитарлық тазалау бойынша жұмыстары жалғасуда.