Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өз жұмысын бастады

  «Жер кадастры­ның ғылыми-өндірістік орталығы» РМК, «Жыл­жымайтын мүлік орталығы» РМК, «Зейнетақы тө­леу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК–лерін  қайта құру жолымен құрылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2016 жылғы 11 сәуірден бастап өз қызметін бастады.

       Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі  корпорацияны құру бойынша ішкі құжаттарды жасау, корпорацияның даму жоспарын жасау, инфрақұрылымды оңтайландыру және сараптау сияқты барлық ұйымдастыру жұмыстарын аяқтады. Тиісті уәкілетті органдар корпорация жұмысын регламенттеу мен  мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қатысты 140-тан астам нормативтік-құқықтық актілерді қабылдады.

      Мемлекеттік корпорация бірінші кезеңде 522, ал екінші кезеңде 700-ден астам мемлекеттік қызмет көрсетеді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басты ерекшелігі, барлық бизнес-үдерістерді автоматтандыру мен оңтайландыру болады. Біріктірілген кәсіпорындарға  ХҚКО-лардың  қолданысындағы  қызмет көрсету мониторингі мен сапасын бағалаудың жаңа құралдарын пайдалану, СМС- хабарлау, кедергісіз қызмет көрсету, кезекті броньдау сервисі тәрізді  мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бірыңғай стандарттары енгізілген.

        Корпорацияның көрсететін қызметтер санының едәуір артуына байланысты, корпорация құрамына кірген барлық кәсіпорындардың 3 600 қызметкеріне оқыту-үйрету жұмыстары жүргізілді. Қызметкерлердің жұмысының нәтижелілігін анықтау үшін тиімділіктің негізгі көрсеткіштері бекітілді (КРІ).

       Мемлекеттік корпорация қызметіндегі жаңалықтардың бірі -  қызметті көрсетуге өтінімді қабылдау және дайын құжаттарды беруден басқа, қызметкерлер оларды өңдеуді жүзеге асырады. Республикамыздың барлық ХҚКО-ларында енгізілген ақпараттық жүйенің арқасында, қызмет көрсету уақыты мен қажет етілетін құжаттар едәуір қысқарады.

      Азаматтардың мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігі де әртүрлі араналар арқылы - қалалар мен аудандарда халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы,  сонымен қатар өзіне-өзі қызмет көрсету секторларының көмегімен, электрондық және мобильдік үкімет арқылы қаматамасыз етіледі. Сондай-ақ, шалғай елді мекендерде тұратын азаматтарға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін мобильді ХҚКО-лар жұмыс істейтін болады.

 

ҚР ИДМ  БААК

Баспасөз қызметі