kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

«Тәлімгерлік қағиданы қолданумен жобалық оқыту» жобасы бойынша ақпарат

Кәсіпкерлерді оқыту бойынша ақпарат:

Павлодар облысының кәсіпкерлер Палатасы «Бизнес-Школа» республикалық жобаның шеңберінде,  «Тәлімгерлік қағиданы қолданумен жобалық оқыту» жобасы бойынша оқыту кестесі туралы ақпараттайды. Аталмыш жоба «Бизнес-Советник» жобасы бойынша курстардан өту туралы сертификаттары бар шағын және орта бизнес кәсіпкерлеріне арналған.

Жобалық оқытудың ұзақтығы тәлімгерлік қағиданы қолданумен жобаға байланысты 3 аптадан 2 айға дейін жүргізіледі.

Павлодар облысының кәсіпкерлер Палатасымен «Павлодар облысы кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы» ММ-мен жобалық оқытуға жататын шағын қалалар мен аудан орталықтарында тәлімгерлік қағиданы қолданумен жоба тізімі келісілді.

Оқыту кестесі келесі жобалар бойынша жүргізіледі.

1. Мал шаруашылығы (ІҚМ,ҰҚМ өсіру, жылқы өсіру, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру, өсімдік шаруашылығы (жылыжай).

2. Құрылыс материалдарының өндірісі (металл өнімдері, кірпіш,  брикеттер, шлакоблок, поролон);

3. Халыққа қызмет көрсету (сұлулық салоны, сауда, химиялық тазалау,ТҚКС, моншалар, қонақ үй бизнесі, кафе, қымызхана);

4.Тамақ өнімдерін дайындау (наубайхана, макарон өнімдерін өндіру, картоп).

2016 жылдың мамыр айынан қыркүйек айы аралығында оқыту мерзімі 3 апта, оқытуды жүргізу орындары Ақсу және Екібастұз қаласының кәсіпкерлерді қолдау Орталықтары.  Жоспарланған  тыңдаушылардың саны 26. Өтінімдер 2016 жылғы 30 сәуірге дейін қабылданады.

Оқыту аяқталғаннан кейін  жобаға қатысушыларға сертификат беріледі.

Оқыту ақысыз жүргізіледі.

Өтінімдер Павлодар облысының кәсіпкерлер Палатасында мына мекенжай бойынша : Павлодар қ. Ломов к-сі 21, сонымен бірге облыс қалалары мен аудандарында Өңірлік кәсіпкерлер палатасының филиалдарындағы кәсіпкерлікті қолдау Орталықтарында қабылданады.

Анықтама телефоны: 8(7187) 34-76-61

2. Кәсіперлер үшін «Бизнес-Рост» жобасымен оқыту туралы ақпарат

Павлодар облысының кәсіпкерлер Палатасы «Бизнес-Школа» республикалық жобаның шеңберінде,   «Бизнес-Рост» жобасы бойынша оқыту кестесі туралы ақпараттайды.  Аталмыш жоба «Бизнес-Советник» жобасы бойынша курстардан өту туралы сертификаттары бар шағын және орта бизнес кәсіпкерлеріне арналған.

Бизнес-Рост» жобасы бойынша оқыту ұзақтығы оқыту тақырыптарына байланысты 2 күннен 5 күнге дейін дейін жүргізіледі.

Оқыту кестеге сәйкес 2016 жылғы қыркүйек айында жүргізіледі, оқыту мерзімі 2 күн, оқытуды жүргізу орындары Ақсу Екібастұз қаласының кәсіпкерлерді қолдау Орталықтары және Павлодар қаласы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы. Жоспарланған тыңдаушылар саны 28.

Өтінімдер 2016 жылғы  06 тамызға дейін қабылданады.

Оқыту аяқталғаннан кейін жобаға қатысушыларға сертификат  беріледі.

Оқыту ақысыз жүргізіледі.

Өтінімдер Павлодар облысының кәсіпкерлер Палатасында мына мекенжай бойынша : Павлодар қ. Ломов к-сі 21, сонымен бірге облыс қалалары мен аудандарында Өңірлік кәсіпкерлер палатасының филиалдарындағы кәсіпкерлікті  қолдау Орталықтарында қабылданады.

Анықтама телефоны: 8(7187) 34-76-61

 

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза