kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Біз жайлы

Қазіргі таңда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін

ресми түрде айтылған бағдарламалар мен жай сөздер ғана

қажет емес. Біршама терең стратегиялық тәсілдемелер керек. Бұл

жоспарда жетекші рөлді Ұлттық кәсіпкерлер палатасы атқару қажет. 

ҚР Президенті  Нұрсұлтан Назарбаев

Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасы өз қызметін 2013 жылдың 18 қазанынан бастады. Құрылған сәттен бастап Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлікті дамытуда мемлекеттік ұйымдардың тең құқылы серіктесі ретінде   жұмыс атқара бастады.

Біздің негізгі мақсатымыз:

- мемлекетте кәсіпкерліктің ары қарай дамуы мен өсуіне қолдау көрсету;

- кәсіпкерліктің мүдделерін ұсыну мен қорғау арқылы кәсіпкерлік ахуалды жақсарту және кәсіпкерлік бастаманы дамыту;

- экономиканы дамыту бағытында біріңғай мақсаттарға жету кепілдігіне негіздлеген кәсіпкерлікті нығайту.

Біздің қағидалар:                                                

-  Кәсіпкерлердің заңды мүдделерінің басымдығы;

-  Қызметтің жауапкершлігі мен шынайылығы;

-  Шешімді қабылдау мен оны жүзеге асырудағы тиімділік пен шапшаңдылық;

-  ҚР ҰКП жүйесінің кадрлық құрамының кәсіпқойлылығы.

       Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының жанынан кәсіпкерлерге қызмет көрсететін орталық жұмыс істейді. Онда келесі қызметтер арқылы кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың біріңғай «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының төртінші бағыты «Кәсіпкерлік потенциалды күшейту» аясында жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлікті жүргізуге сервистік қолдау көрсетіледі:

№1 қызмет: Бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізу, сондай-ақ мәселелер бойынша консультациялардан тұратын статистикалық есептілік жасау.

№2 қызмет: Кеден процедуралары бойынша қызметтер.

№3 қызмет: Менеджмент жүйелерін енгізу бойынша консультация беру және күллі процесті толығымен сүйемелдеу.

№4 қызмет: Заңгерлік қызмет көрсету.

№5 қызмет: Маркетинг мәселелері бойынша қызметтер.

№6 қызмет: Ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласындағы консультациялар.

№7 қызмет: Мемлекеттік сатып алулар, ұлттық компаниялар және жер қойнауларын пайдаланушылар сатып алуларымен байланысты қызметтер.

№8 қызмет: Менеджмент мәселелері бойынша қызметтер. 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза