Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



ХҚКО хабарлайды: егер сіз білім туралы дипломды бүлдіріп немесе жоғалтып алсаңыз

Дипломның телнұсқасын алу үшін құжаттарды Халыққа қызмет көрсету орталығында алуға болады. Мынбаева Данагүл жоғары білім туралы дипломның телнұсқасын алу үшін Павлодар облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының Екібастұз қаласы бөліміне жүгінді.  «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметін алуға өтінішті толырғаннан кейін клиент  инспекторға  жеке куәлікті және құжатты жоғалтып алғандығы жөнінде ақпарат орналастырылған газеттің көшірмесін ұсынды.

 Өтініш берушінің сөзінен ХҚКО жүгіну оның дағдылы ісіне айнылып кеткен. «Дипломның телнұсқасын ХҚКО алуға болатындығы жөнінде ақпаратты оқып қуанып кеттім, біріншіден, жақын жерде тұрамын, екіншіден, барлық мемлекеттік қызметтерді осы жерден мекенжай анықтамасынан бастап жылжымайтын мүлік анықтамасына дейін алуға үйреніп кеттім», - деді ол.

Жоғары білім туралы дипломның телнұсқасын құжаттарды тапсырған сәттен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі, қайта ресімдеу 15 күнтізбелік күн ішінде. Жоғары оқу орны жабылған жағдайда  қызмет алушы білім беру мекемесінің орналасқан жері бойынша мұрағатқа жүгінуі  қажет.