Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Вершина» ЖШС – нің кірпіш зауытының 2016-2025 жылдары қоршаған ортаны қорғау шаралары жобасының жоспары бойынша қоғамдық тыңдауының хаттамасы

Өткізілген мерзімі: 2016 жылғы 07 сәуір, сағат 10.00.

Өткен жері: Екібастұз қаласы, Торайғыров көшесі, 31.

 

Қоғамдық тыңдау «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен ұйымдастырылды.

 

Қоғамдық тыңдаудың өткізілуі туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жариялану арқылы жұртшылыққа жеткізілді.

 

Қатысқандар:

Р.С. Аккужин – «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы.

С.К. Агеев – «Вершина» ЖШС-нің кірпіш зауыттың директоры.

Т.В. Газизова – «Вершина» ЖШС-нің маманы.

А.В. Слободенюк – «Вершина» ЖШС-нің маманы.

А. Нуркинова – «Вершина» ЖШС-нің хатшысы.

Е.Н. Ушакова – «Вершина» ЖШС-нің бас есепші.

О.К. Адилов – қала тұрғыны.

О.К. Ускенбаев – қала тұрғыны.

Б.Ж. Оразалина – қала тұрғыны.

М. Қасымова – қала тұрғыны.

 

Қоғамдық тыңдауды «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы – Р.С. Аккужин ашты.

«Вершина» ЖШС-нің кірпіш зауыттың директоры – С.К. Агеев қоғамдық тыңдаудың төрағасы болып сайланды.

А. Нуркинова қоғамдық тыңдаудың хатшысы болып сайланды.

 

Қоғамдық тыңдаудың күн тәртібі:

  1. Қоғамдық тыңдауға қатысушыларды тіркеу;

2.  «Вершина» ЖШС-нің кірпіш зауытының қоршаған ортаны қорғау шаралары жоспары жобасы бойынша баяндама, қоршаған ортаны қорғау бойынша жауапты тұлға.

3.   Тыңдауға қатысушылардың сауалдары (талқылау).

  1. Баяндамашылардың қойылған сұрақтарға берген жауаптары.
  2. Қоғамдық тыңдауды қорытындылау (қаулы).
  3. Қоғамдық тыңдауды аяқтау.
  4. Қоғамдық тыңдаудың хаттамасына қол қою.

 

Регламент:

Баяндамашыларға сөз сөйлеуге 10 минуттан аспайтын уақыт беріледі.

Жарыссөзге 5 минуттан аспайтын уақыт беріледі.

 

Баяндамашының сөз сөйлеуі

Сөз кезегі «Вершина» ЖШС-нің маманына А.В. Слободенюкқа беріледі. Қатысқандарды қоршаған ортаны қорғау шаралары жоспарының мазмұнымен таныстырды. Ұсынылған жоспардың мазмұны кәсіпорындар қызметінің қоршаған ортаға тигізер әсерін төмендетуге бағытталған кешенді шараларды қамтыды, нақты айтқанда: шаң ұстағыш қондырғының жоспарлық-алдын алу жұмыстарының жүргізілуі, өндіріс қалдықтарының жиналуы, сақталуы және жойылуы ережелерінің орындалуы, өндіріс қалдықтарын уақытша сақтау контейнерлерімен қамтамасыз ету, ағаш, бұталар, көшеттер отырғызып, жасыл желектерді күтіп баптау, кәсіпорын қызметкерлерінің экологиялық тәрбиелік деңгейінің арттырылуы. Осы жағдайда қарастырылатын табиғатты қорғау шараларының кешені, кәсіпорынның қоршаған ортаға тигізер кері әсерін азайтуға септігін тигізеді.  

 

Талқылау нәтижесі бойынша негізгі қорытынды:

Талқылау нәтижесінде іс-шаралар жоспарына ескертулер мен ұсыныстар болған жоқ.

 

Төраға:

«Вершина» ЖШС-нің кірпіш зауытының 2016-2025 жылдары қоршаған ортаны қорғау шаралары жоспарының жобасы» тақырыбы бойынша ұсынылған баяндамасы назарға алынсын.  

Қоршаған ортаны қорғау шараларының жоспары орындалсын.

Іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша уақытылы есеп берілсін.  

Қоғамдық тыңдау жабық деп жарияланады.

 

Қоғамдық тыңдаудың төрағасы                                          С.К. Агеев

Қоғамдық тыңдаудың хатшысы                                          А. Нуркинова