Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Сыртқы жарнаманы орналастыруға рұқсат алу

Бұл ақпарат – өз бизнесін кеңейтуді жоспарлаған, сатуды көбейтіп, нарықта өзінің ұстанымын бекітушілер үшін. Білетіңіздей, жарнама ежелгі уақыттан бастап сауданың қозғалтқышы болып табылады. Бірақ баннерді әзірлеумен және жарнама агенттігін таңдаумен айналыспас бұрын осы мақаланы оқып, ол жайында достарыңа айту маңызды.

Облыстық және аудандық маңыздағы, сонымен қатар елді мекендердегі автокөлік жолдарының алабында сырқы жарнаманы орналастыруға рұқсат алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарында алуға болатынын білесіз бе? Бұрын мұндай рұқсатты алу үшін ТКШ бөліміне барып жүгіну қажет еді, ал халықаралық және республикалық маңыздағы автокөлік жолдарында сыртқы жарнаманы орналастыру үшін – Автокөлік жолдары комитетіне бару қажет еді. 2012 жылдан бастап бұл мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға, жарнама агенттіктеріне және Халыққа қызмет көрсету орталықтары және Электрондық портал арқылы жарнама берушілерге қолжетімді. Құжаттар пакетін тапсырған соң 5 жұмыс күні ішінде рұқсат беріледі.

Рұқсатты алу үшін стандартты жинақ – белгіленген нысандағы жазбаша өтініш, түсті тұжырымы мен мөлшері бар объектілердің эскизі, өкілетті өкілдігін жеке куәлік құжаты және өкілтілікке өкілдігін растайтын құжат (сенімхат). Егер жарнама суреті елді мекенде орналасса, құжаттарға – жер учаскесіне немесе объектіге құқығын белгілейтін құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін, сонымен қатар жарнаманың күндізгі және түнгі суреті бар эскизді және объектінің қызмет көрсетуін инженерлік қамтамасыз ету бойынша шешімдерді қоса беру қажет.

Сонымен бірге бұл қызметті ҚР электрондық порталында да алуға болады. Бұл үшін электрондық цифрлық қолтаңба болу керек және қажетті құжаттар электронды түрде болу керек.  Мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты алыстан порталда пайдаланушының «Жеке кабинет» арқылы алуға болады. Қызмет ақысыз ұсынылады. Қызметті алушы құжаттар пакетін толық мөлшерде ұсынбағанда қызмет беруден бас тартылады.