Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұздың акробаттық ерлер төрттігі Қытайдан жеңіспен оралды

«Жасыбай» БЖСМ-ында қаланың атақты спортшыларымен кездесу өткізілді. Әкежан Анваровтан, Бауыржан Дүйсеновтен, Павел Варламовтан,  Дмитрий Безруктан тұратын ерлер төрттігі Путьян қаласында спорт акробатикасынан өткен 25-ші әлем чемпионатында екінші орынды иеленді.

Дене шынықтыру және спорт бөлімнің басшысы Зинеп Нұркенова  жеңімпаздарды құттықтап, оларға гүл шоғын және естелік сыйлықтар тарту етті.

Шараның қорытындысында кішкентай спортшылар үлкен шәкірттеріне ақ тілектерін білдіріп, спорттық акробатиканың әнұранын орындады және сыйлықтарын табыстады.

Жүлдегерлер – жаттықтырушы Наталья Осолодкованың тәрбиеленушілері.

Өткен жылы Азия чемпионатында жеңімпаз атанған болатын.