Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Көктем уақытында мұзға шығу қауіпті...

Ауа райының кенеттен тез жылуына байланысты  Қаныш Сәтбаев атындағы каналда және 1,2-ГРЭС су қоймаларындағы мұз адам өміріне қауіпін тигізіп тұр.

Әсіресе осы көктем уақытында табиғи және техногендік төтенше жағдайдың тууының бірде-бір себебі, адамдардың су қоймаларындағы ережелерін сақтамауы.

Екібастұз өңірінің тұрғындарын Екібастұз қаласының ТЖ басқармасы бұл су қоймаларының қаупін үнемі ескертіп отырсада, әуесқой балықшылар мұзға шығуды тоқтатпайды, тіпті мұзға өздері шыққандарымен қоймай автокөлікпен шығатындары бар 1-2 келі балық аулаймын деп өз өмірлерін ажалға тігеді, қаншама жыл еңбектеніп алған автомүліктерін құртады.

        Қала  тұрғындарымен және  балық аулау әуесқойларымен қайғылы оқиға болмау үшін, Екібастұз қаласының ТЖ басқармасы ескертеді:

- Қаланың су қоймаларындағы сулар жылы сумен шайылып отырады, мұздың қалыңдығы өте жұқа, сондықтан мұзға шықпаңыздар.

- Сәтсіз, бақытсыз жағдайға ұшырамас үшін мұз үстінде адамдардың, автокөліктердің жүруіне қатаң тыйым салады

Екібастұз қаласының ТЖ басқармасында 87182(536057) сенім телефоны жұмыс істейді. Осы нөмірге қоңырау шалып, кез келген адам басқарма қызметкерлерінің заңға қайшы іс-әрекеттері туралы хабарлай алады.

                                 

М. Хамитова, төтенше жағдайларды

ескерту тобының бас маманы