Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Демалыстағы турнир

Көктемгі демалыс кезінде № 4 БЖСМ-ның жас футболшылары Ақмола облысы, Зеренді ауылында өткен 2002-2003 жылы туған жасөспірімдер арасындағы «Көктемгі демалыстар» жүлделері ойнатылатын бесінші республикалық турнирге қатысты. Турнирге барлығы 6 команда: Петропавл қаласынан «Қызылжар» футбол орталығы, Көкшетау қаласынан 2 команда – «Оқжетпес» футбол орталығы және «Энергетик» жеке мектебі, Астанадан «Наша компания» командасы, екібастұздықтар және турнир қожайындары  қатысты.

         Ұтыс ойындары айналма жүйесінде өтті, әрбір команда бес кездесуден өткізді. Біздің балалар бес ойын ішінен бір ойыннан, яғни турнирдің негізгі көшбасшысы Петропавлдың футбол орталығынан жеңіліп қалды. Нәтижесінде турнирлік кестедегі ұпайлар бойынша жетпеген айырмашылық бізді чемпион титулынан айырды.    

         Жарыстардың қорытындысы бойынша 1-орын «Қызылжар» футбол орталығы жеңіп алды, 2-орынды Екібастұз иеленсе, 3-орын «Оқжетпес» футбол орталығының қанжығасына тиді.

         Екібастұздық команданы Владимир Панасенко мен Данияр Утеулов сияқты бапкерлер дайындады.

 

Оқу ісі жөніндегі директор орынбасары,

                                Л.А. Симутина