Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Жазғы өрт қауіпті кезеңге дайындық туралы

Өрт қауіпті кезең келгенде ( сәуір-мамыр) орман және дала өртінің өсуі болжанады, бұл көбінесе ауыл шаруашылығы жұмыстарына дайындықпен, оның ішінде шөпті және ауыл шаруашылығы жерлеріндегі қажет емес өсімдіктері немесе шөп қалдықтарын өртеу арқылы аумақты тазалаумен байланысты.

          Шөпті және ауыл шаруашылығы жерлерін өртеуге бақылаудың болмауынан от едәуір ара қашықтарға таралып, орман алқаптарына ауысады.

          Азаматтық қорғау туралы Заңға  сәйкес дала өртін және мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшіелері құрылмаған елді мекендердегі өртті сөндіру мемлекеттік емес жәнеерікті өртке қарсы құралымдарды тарта отырып, жергілікті атқарушы органдарға жүктелген.

           Баяндалғанды назарға ала отырып орман-дала алқаптарындағы табиғи өрттің экономикалық және экологиялық салдарын азайтуға бағытталған бірқатар алдын алу шараларын іске асыру мақсатқа сай деп ұйғарады:

- көктемгі дала жұмыстарын жүргізу кезінде, барлық ұйымдардың өрт қаупсіздігі кағидаларын сақтауына бақылауды күшейту,сондай-ақ ауыл шаруашылығы жерлерінде бақыланбайтын өртеуге жол бермеу бойынша қосымша шаралар қабылдау;

- көктемгі дала жұмыстарын  бастау алдында ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын шөпті, ауыл шаруашылығы қалдықтарын бақыланатын өртеуге міндеттеу, бұл туралы жергілікті атқарушы органдарға және мемлекеттік өртке қарсы қызметтің аумақтық бөлімшелеріне хабарлау;

- Үкіметтің 2014 жылғы 19 шілдедегі № 801 қаулысымен бекітілген Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіру қағидаларын мүлтіксіз орындауын қамтамасыз ету.

         

 

Екібастұз қ. ТЖБ  МӨҚБ бас маманы 

а/қ подполковнигі                                                             Б. Раскельдинова