Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз – білімділер ордасы

2016 жылдың 25-26 наурыз күндері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «ДАРЫН» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен қазақ тілінен «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты өзге ұлт өкілдері оқушыларының арасында оныншы республикалық қашықтық олимпиадасы өтті.

Осы олимпиада бойынша Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары Астана қаласындағы 2 кезеңге жолдама алды. Олар: №7 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Арина Петрова, 7-сынып оқушысы Владимир Третьяков, №6 мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы Алина Зубарева, 6-сынып оқушылары: Алина Неупокоева, Анастасия Суворцева, Данил Воробьев, №35 мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушылары: Мария Гапченко, Хава Сулейманова, 5-сынып оқушысы Вероника Леонова, №13 орта мектебінің 5-сынып оқушылары: Московченко Данил, Старков Юра, Степанов Назар, №16 орта мектебінің 7-сынып оқушысы Анастасия Федченко.

Астана қаласындағы ақтық кезеңдегі қазақ тілі олимпиадасында қаламыздың, тіпті облысымыздың намысын қорғаған шәкірттеріміздің қанжығалары майланбай қайтпады. №16 орта мектебінің 7-сынып оқушысы Анастасия Федченко жүлдесі 2-орын алса, №7 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Арина Петрова, №6 мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы Алина Неупокоева, 7-сынып оқушысы Алина Зубарева, №35 мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы Вероника Леонова 3-жүлделі орын иегерлері атанды.