Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Голландияның агробизнесі Қазақстанның АӨК-не қызығушылық танытуда

Голландияның агробизнесі мен «ҚазАгро» ұлттық холдингі Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің түрлі жобаларына Корольдік кәсіпорындарының қатысуын кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.  

Астанаға келген 19 голландия компаниясының өкілдері «ҚазАгроның» басшыларымен іскерлік келіссөздер жүргізді, сондай-ақ қазақстан Холдингінің құрылымындағы бірқатар даму институттарының қызметімен танысты.

Голландия делегациясының құрамында өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы саласындағы ауылшаруашылық өнімдерінің ірі өндірушілері, сондай-ақ елдің бірқатар қаржы мекемелерінің өкілдері келді. Біздің республикадағы агробизнестің сүтті мал шаруашылығын, жемшөп өндірісін, жеміс-көкөніс шаруашылығы, құс шаруашылығын және ауыл шаруашылығының басқа да секторларын қоса алғандағы түрлі бағыттарындағы перспективалар зерттеу мен талқылау заты болды.

«ҚазАгро» холдингі компаниясының бірнеше жылдар бойы Нидерланд Корольдігінің кәсіпорындарымен іскерлік ынтымақтастық жүргізетінін атап өту қажет.  Әңгіме – қорландырудан бастап Қазақстанға ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарын жеткізуге дейінгі түрлі салалардағы бизнес-қатынастар туралы болады. Мысалы, «ҚазАгроҚаржы» АҚ желісі бойынша 2013 жылы 700 бастан астам голштино-фриз тұқымды сүтті ірі-қара мал сатып алынды, «ҚазАгро» арқылы қазақстандық шаруашылықтар мен агроқұрылымдар құс шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы, жемшөп шаруашылығына арналған және жылыжай шаруашылығын жүргізу үшін қажет 300 бірліктен астам техникалар мен жабдықтарды сатып алды.      

«ҚазАгро» ұлттық холдингі мен Қазақстан Республикасындағы Нидерланды Корольдігінің елшілігімен ұйымдастырылып өткізілген кездесулер шеңберінде еуропалық қонақтар агробизнес саласындағы елдің инвестициялық мүмкіндіктерімен, мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы бағдарламаларымен таныстырылды, сондай-ақ «ҚазАгро» холдингі компаниялары тобының несие өнімдері мен қаржы құралдары туралы кеңейтілген ақпарат алды.  

Голландия тарабы жабдықтарды жеткізуші, технологиялық сүйемелдеу сияқты, және де түрлі қаржы құралдары арқылы жобаларды қаржыландыру ретіндегі ауылшаруашылық жобаларын іске асыруға қатысуға қызығушылық танытты. Атап айтқанда,  голландияның Atradius Dutch State Business N.V. экспорттық-несие агенттігінің қамсыздандыруымен голландияның қаржы институттарының қаржыландыруын тарту жөніндегі келіссөздерге қол жеткізілді.

 

«Холдинг «КазАгро» АҚ баспасөз қызметі