Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Наурыз мейрамы - 2016» спорттық сайыстары

22 наурызда қала тұрғындары мен қонақтары үшін Наурыз мейрамына орай орталық алаңда іс-шаралар ұйымдастырылды. Мерекелік бағдарлама музыкалық қойылымдардан, түрлі байқаулардан, жәрмеңкелерден, безендірілген мерекелік киіз үйлерді көрсету және спорттық сайыстардан құрылды.

Жарыстар қол күрес, гір тасын көтеру, арқан тартысу, қазақ күресі, «Темір сап» армлифтингі және басқа да ұлттық спорт түрлерінен өткізілді.

Қазақ күресінен өткен турнир – мерекелік күннің ең басты спорттық іс-шарасы болды. Жарысқа Қазақстанның әр аймақтарынан 110-нан астам спортшылар келіп, қатысты. Махамбетов Әлібек «Түйе палуаны» атағын жеңіп алып, қой және «Sushi mania»  сертификатына ие болды.

Арқан тарту бойынша өткізілген жарыстан  10 командадан «Сланы» командасы жеңімпаз атанды. 2 орынды «Wrestling» командасы алды. 3 орынды  «Борцы» командасы иеленді.  

Ерлер өз күштерін «Темір сап»  армлифтингіде сынап көрді. Сайыс абсолюттік және 6 (60, 70, 80, 90, 100, +100) салмақ дәрежелерінде өтті. Турнирде 100 адамға жуық қатысушылар болды. Өз салмақ дәрежелерінде ең мықтылары жеңіске жетті. Олар: Узыканов Мадияр, Калдыбаев Азамат, Очеретяный Вячеслав, Журавлев Юрий, Корнилов Игорь, Николаев Максим, Касымов Азамат, Мальшубаев Асхат, Каримов Азамат, Жумабеков Манас, Калиев Ерлан, Сайфулин Радик, Сычев Стас және тағы басқалары.

 Гір тасын көтеру спортына 60, 70, 80, 90, +90 салмақ дәрежесіндегі 80 спортшылар қатысты. 60 және 90 жоғары салмақ дәрежесінде спортшылар 24 және 32 келі салмақтағы гір тасын көтерді. 60 келі салмақ дәрежесінде 1 орынды Даулет Дулат иеленсе, 2 орынды – Нұрсұлтан Камаров, 3 орынды Талғат Шильтыбаев қанағат тұтты.  70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Бекайдар Жаркенов - 1 орынды, Максут Беков - 2 орынды, Каримжан Мустафин 3 орынды алды. Асхат Мальшубаев 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 32 келі тасты 80 рет көтеріп қарсыластарынан басым түсті, осы салмақтағы 32 келі гір тасын 60 рет көтерген Залзерек Даулбаев екінші орынды иеленді, үшінші орын Ерғанат Нугмановтың қанжығасына тиді. 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ермек Дәулетов  өз салмақ дәрежесінде  көбірек ұпай жинап бірінші орын алды, екінші орын Астанадан келген қонақ Асқар Кенбейловке бұйырды, үшінші орынды Марғұлан Ташитов алды. 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде  Нұрлан Нұғыманов жеңімпаз атанды, екінші орын - Каныбек Масагбаевқа, үшінші орын М.Бековке тиді. Екі қатысушы Алексей Сазонов пен Нұрлан Нұғыманов 50 келі гір тасын 10 рет көтеріп, екеуі бірдей жеңімпаз атанды. Екінші орынды осы салмақтағы гір тасын 7 рет көтерген К.Джумабаев иеленді. Сыйлықтар ретінде  16, 24, 32 гір тастары берілді.