Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Ошманова Мейрамгуль Жанахметовна: Өтініш

Құрметті Александр Федорович! Менің балаларым екі түрлі №5 "Жұлдыз" бала бақшасына және №15 "Бөбек" бала бақшасына барады. Қала бойынша барлық бала бақшалар мәзірі бірдей болады деп еді, алайда екі бала бақшада екі түрлі мәзір. №5 "Жұлдыз" бала бақшасында кешкі асқа үнемі балық сорпасын береді. Балалардың ешқайсысы ол балық сорпасын "дәмсіз" деп ішпейді. Бала бақша басшысына бірнеше рет осы мәселемен бардым, алайда еш нәтиже жоқ. 

Құрметті Мейрамгүл Жанахметовна!

 

Қала әкімінің ресми сайтына № 5 «Жұлдыз» бөбектер бақшасындағы тамақтану мәселесі жөнінде жолданған Сіздің өтінішіне хабарлаймыз.

Білім бөлімі Павлодар облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Екібастұз қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасымен бірлесе «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту обьектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы 17.03.2015 жылғы №217 бұйрығы негізінде мектепке дейінгі мекемелерде тамақтануды ұйымдастыру үшін перспективті онкүндік ас мәзірі бекітілді.

Тамақтанудың іс жүзіндегі рационы бекітілген перспективалы мәзіріне сәйкес келеді. Тамақ дайындау тағамға кіретін өнімдердің тізбесі, олардың граммдағы массасы құнарлығы, тағамды дайындау технологиясы туралы мәліметтер көрсетілген технологиялық карталарға сәйкес тағамдар картотекасын пайдалана отырып жүргізіледі. Балық санитарлық ережеге сәйкес 2-7 күнде 1 рет енгізіледі. 

Тәрбиеленушілердің тамақтануын ұйымдастыру мәселесі балабақша басшысының бақылауында.

Қазақстан Республикасы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы негізінде Сіз қабылданған шешімге шағымдануға құқығыңыз бар.

  

         Руководитель отдела                                      Н. Макумова