Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Чережденова Алия Сергбаевна: №2 емхана

Сәлеметсіз бе, Александр Федорович!
Мен бүгін ауырып №2 емханаға барып едім,қазіргі таңдағы медицина қызметкерлерінің соншалықты өзімшілділігі,өздеріне тым аса сенулері ме, тіркеу орнында отырған қызметкерлер арсылдап,өзіне карточканы берген құрлы ұрсысып бітеді, 205 кабинетте,терапевтері мүлдем жок, декреттік отпускада дейді,ондай да басшылары кісі алмаушімеді,мен түсінбедім,не баланы апарып емдете алмайсын,не өзін барып дұрыс емінді ала алмайсын.Бір кабинеттен екінші кабинеттке жүгіртіп қояды. Өзін аурып тұрғанда "Б" корпустан "А"корпусына далаға шығып жүгіріп жүресін,сонда біз ауырмағанда кім аурады, айтыңызшы?
Барлық саладағы дәрігерлер дұрыс жауап бермейді,ашуланып жүреді,тек бір сөздері ғана бар незнаем деген,ондай болса бұл мамандықты неге таңдады екен.
Елбасымыз Павлодарға келген кезінде Нұрсұлтан Назарбаевтің айтуы бойынша ,Вы знаете, что врачи бывают трех видов: "от Бога", "ну, с Богом" и "не дай Бог",деген еді. Мен осы сөзден келісемін,біздің Екібастұз қаласының №2 емхана дәргерлері құдай сақтасын,үшінші түрге жатады.Бұл шындық,жалғыз мен ғана емес,менімен келісетің адамдар бар шығар.
Менің тек бір ғана тілегім бар,дәрігерлер өз емдеушілеріне жылы қабақ танытса,ешқандай айғай болмайды,жылы жүзді мейірімді болса деймін.Олар ақ халаттағы абзал жандар емеспе.
Осы сұрағыма көмектесуіңізді сұраймын,егер ешқандай нәтиже болмаса, денсаулық сақтау министірлігіне хат жолдаймын.

Құрметті Әлия Серікбайқызы!

 

Сіздің Екібастұз қ. № 2 емханасында медициналық көмек көрсету мәселесі бойынша келесіні мәлімдеймін.

Екібастұз қ. № 2 емханасы әкімшілігінің ақпараты бойынша Сіз Екібастұз қ. № 2 емханасының № 3 учаскесіне жалпы тәжірибе дәрігері Г.Т.Нәбиеваға тіркелген екенсіз.

Қазіргі уақытта учаскелік дәрігер босанғанға дейінгі демалыста, учаскенің ересек тұрғындарын дәрігер М.М.Өмірзақова, балаларды дәрігер Д.М.Жангелова қабылдайды.

Сізге ЛОР дәрігеріне алғашқы рет келгенде КҚО флюорографиясын тексеру ұсынылған екен.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 3 шілдедегі № 452 «Жүкті, босанатын, босанған әйелдерге және ұрпақты болу жасындағы әйелдерге медициналық көмекті жетілдіру шаралары туралы»  бұйрығына сәйкес алғашқы рет қарануға жүгінгенде ұрпақты болу жасындағы әйелдерді жыл сайын тексеруге кіреді.

Сіздің М.М. Өмірзақова дәрігерінің қабылдауына келгенде (кесте бойынша) жалпы тәжірибе дәрігерінің жұмыста болмауына байланысты КҚО флюорографиясын өтуге жолдаманы №2 бөлімше  меңгерушісі жалпы практика дәрігері Г.Т. Өмірбаева берді.

Типтік жоба бойынша тар мамандар дәрігерлерінің қабылдау кабинеттері және диагностикалық бөлімше басқа корпуста орналасқандықтан пациенттер корпустан корпусқа жүруге мәжбүр болады.

         Сіз флюорографиялық тексеруден қарануға келген күні өттіңіз.

Сізді № 2 емхананың пациенттерге қолдау көрсету қызметіне шақырды, сіздің өтініштегі қозғаған сұрақтарыңызға түсініктемелер берілді.

Пациенттерге қолдау көрсету қызметінің басышысы, ішкі аудит жөніндегі № 2 емхананың бас дәрігерінің орынбасары Г.С. Ізбасарованың ақпараты бойынша, медицина қызметкерлеріне наразылығыңыз жоқ.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы негізінде Сіз осы қабылданған шешімге шағымдануға құқылысыз.

 

                             

         Басқарма басшысы                                                Н. Қасымов