Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Шығыс» кенішінің «Тұрмыстық корпусының құрылысы» жұмыс жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары кезеңінде қоршаған ортаны қорғау іс-шараларын қарастыру бойынша қоғамдық тыңдалымның хаттамасы

Өткізу мерзімі: 15.03.2016 ж.

Өткізу орны: Екібастұз қаласы,Старожилов көшесі,14 («ЕЭК» АҚ әкімшілік ғимараты, конференц-зал, 2-қабат)

 

Қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылды:

Екібастұз қаласының әкімдігі, «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» акционерлік қоғамы

                                                       (мекенді орындаушы орган)

Қоғамдық тыңдаулар өткізілуі туралы ақпарат қоғамға жеткізілді:

-  «Звезда Прииртышья» газеті шығарылымы №21 от 23.02.2016 г.,

- Екібастұз қаласы әкімдігінің интернет қоры

                 http://www.ekibastuz.gov.kz/ru/index.php?id=2077

(қолданылған ақпарат құралдарын көрсету, мысалы, БАҚ атауы және жариялау күні)

 

 

                Қатысқандар:

  1. Аккужин Р.С. – Екібастұз қ. әкімдігінің «АЖжәнеЖК, ТКШБ» ММ бас маманы
  2. Жакупов М.О. – «ЕЭК» АҚ МЖжәнеЭБ бастығы 
  3. Утепбергенов А.К. – «ЕЭК» АҚ «Шығыс» кенішінің ҚОҚТ бастығының м.а.
  4. Сизиков Н.А. –Екібастұз қаласының тұрғыны
  5. Жетенова А.З. – Екібастұз қаласының тұрғыны
  6. Панкратова Е.А. – Екібастұз қаласының тұрғыны
  7. Токарев В.Б. – Екібастұз қаласының тұрғыны
  8. Сорокин С.С. – Екібастұз қаласының тұрғыны
  9. Богинский В.В. –Екібастұз қаласының тұрғыны
  10.  Касымжанов Д.Г. – Екібастұз қаласының тұрғыны
  11.  Кушмагулов Т.Ж – Екібастұз қаласының тұрғыны
  12.  Нурашев Н.Е.-Екібастұз қаласының тұрғыны

 

Қоғамдық тыңдауларды бастаған - Аккужин Р.С. – Екібастұз қ. әкімдігінің «АЖжәнеЖК, ТКШБ» ММ бас маманы

Қоғамдық тыңдаулардың төрағасы болып - «ЕЭК» АҚ МЖжәнеЭБ бастығы  Жакупов М.О.және хатшы болып «Шығыс» кенішінің ҚОҚТ инженер-экологы  Целлер Т.Ф.сайланды.

 

Қоғамдық тыңдаулардың төрағасы күн тәртібі мен тыңдалымның уақыт тәртібін бекітуді ұсынды.

 

Күн тәртібі және қоғамдық тыңдалымдардың уақыт тәртібі:

 

  1. Қоғамдық тыңдалымдардың ашылуы
  2. Жобаның техникалық бөліміндегі негізгі шешімдерді баяндау (10-15 мин)
  3.  «Шығыс» кенішінің «Тұрмыстық корпусының құрылысы» жұмыс жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары кезеңінде ҚОҚ іс-шаралары бойынша жоспарды қарастыру  (10 мин)
  4. Қоғаммен жобаның іс-шаралар жоспары жайлы талқылау (әр сөйлеушіге 5 минуттан)

 

Күн тәртібі және қоғамдық тыңдалымдардың уақыт тәртібі бекітілді.

 

Сөз сөйлегендер:

Жакупов М.О. – «ЕЭК» АҚ МЖжәнеЭБ бастығы – қарастырылатын іс-шара бойынша қоғамдық тыңдауларды өткізуге дайындық тәртібі бойынша ақпарат  беріп,тыңдалымдарды өткізу туралы келіссөздер мен жарияланымдармен таныстырды.

Утепбергенов А.К. – «ЕЭК» АҚ «Шығыс» кенішінің ҚОҚТ бастығының м.а.

- Жобаның негізгі техникалық шешімдерін сипаттады және ҚМЖ кезеңіндегі ҚОҚ бойынша іс-шаралар жоспарының жобасы,соның ішінде:

«Жоба бойынша «Шығыс» кенішінің жұмыскерлері үшін тұрмыстық жағдайларды жақсарту сұрақтары шешіледі.Жұмыс көлемінің ауданы 4322 м2 «Шығыс» кенішінің аймағында орналасқан,алаңда тұрмыстық корпус ғимараты,аралық трансформатор станциясы,контейнерлік алаңдар ҚТҚ арналған контейнерлер,кәріз жүйесі,жылумен қамтамасыз ететін және электрмен жабдықтайтын жүйелердің орналастырылуы қарастырылады. Тұрмыстық корпусқа кіреберіс жолы қолданыстағы алаң ішіндегі автожолдармен іске асырылады,тоқтайтын алаңдармен жабдықталған. Жобаланған ғимарат 400 адамға қарастырылған,екі қабаттан және жертөледен тұрады.Тұрмыстық корпустың жертөлесінде кір киімдерді қабылдайтын және таза арнайы киімдерді беретін бөлмесі орналасады сонымен қатар кір жуатын орын,киімдер мен аяқ киімдерді жөндейтін шеберхана,жаңа арнайы киімдердің қоймасы,киім өлшейтін орындар орналасады.1 қабатта тамбурлар,холлдар,үй киімдері мен арнайы киімдерге арналған гордероб,душ бөлмелері,жылытуға арналған ғимарат,арнайы киімдер мен аяқ киімдерді кептіретін бөлмелер орналастырылады. 2 қабатта вестибюль,үй киімдері мен арнайы киімдерге арналған гордероб,жылытуға арналған бөлме,арнайы киімдер мен аяқ киімдерді кептіретін бөлме,кабинеттер мен нарядныйлар жайғастырылады.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары кезінде келесі қалдық түрлерін басқару қарастырылады:

- ҚТҚ жинау және уақытша сақтау,құрылыстық және ағаш қалдықтары,оларды қалалық полигонға тапсыру. 

- қара металл сынықтарын жинау және уақытша сақтау,дәнекерлеу электродтарының күйіктері мен ЛБМ ыдыстары (кәріптас қалдықтары) оларды кезекті арнайы кәсіпорындарға тапсыру.

 

Қоғамның сұрақтары,ұсныстары мен ескерпелері:

Сұрақ (Богинский В.В.Екібастұз қаласының тұрғыны):

Құрылыс қашан басталады?

Жауап (Жакупов М.О. – «ЕЭК» АҚ МЖжәнеЭБ бастығы):

Барлық рұқсат құжаттарын алғаннан кейін.

Сұрақ (Токарев В.Б.Екібастұз қаласының тұрғыны):

Жаңа ғимарат тек душ бөлмесіне ғана арналады ма?

Жауап(«ЕЭК» АҚ «Шығыс» кенішінің ҚОҚТ бастығының  м.а.Утепбергенов А.К.):

Сонымен қатар жаңа ғимаратта арнайы киімдер қоймасы,нарядныйлар      орналстырылады.

Сұрақ (Токарев В.Б.Екібастұз қаласының тұрғыны):

Кір жуатын орын жаңа ғимаратта болады ма?

 Жауап («ЕЭК» АҚ «Шығыс» кенішінің ҚОҚТ бастығының м.а. Утепбергенов А.К.):

Ия.

Сұрақ (Токарев В.Б.Екібастұз қаласының тұрғыны):

Жаңа ғимарат барлық коммуникациялармен қамтамасыз етіледі ме?

Жауап (Жакупов М.О. – «ЕЭК» АҚ МЖжәнеЭБ бастығы):

Ия. Жұмыс жобасында барлық коммуникациялар саналған және сипатталған,жобамен толығырақ танысу үшін біз сіздерге оны сіздердің электрондық пошталарыңызға жібере аламыз.

 

Талқылау қорытындысы бойынша негізгі тұжырымдар:

«Шығыс» кенішінің «Тұрмыстық корпусының құрылысы» жұмыс жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары кезеңінде ҚОҚ іс-шаралары бойынша жоспарды редакцияға қабылдау.

 

Шешім бір ауыздан қабылданды.