Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Ахмет Жұбановтың 110 жылдығына арналған, жас музыканттардың 50-облыстық байқауы

Дәстүрге айналған жас музыканттар облыстық байқауы 15-16 наурыз күндері Павлодар қаласында өтті. Биылғы жылы байқауда облыс бойынша 7 хор ұжымы мен 23 жас пианисттер бақ сынасты. Екібастұз қаласының атынан  М.Глинка атындағы балалар музыка мектебінің оқушылары – жоғарғы сынып хоры мен 9 пианистер қатысты. Әділ қазылар алқасын «Дарынды балаларға арналған музыка мектеп-интернаты, музыка колледж кешені» мемлекеттік мекемесінің директоры В.П.Денисенко басқарды.

 Шығармашылық жарыста Екібастұздың музыканттары шығармаларын лайықты ойнап, өз қоржындарын жеті марапатпен толтырды: жоғарғы сынып хоры (жетекшісі Попова А.В., концертмейстер Е.Г.Магур) бірінші орынға ие болды. Пианистер арасында ересек  жастағы   санат  бойынша    1-орынды Абеков Никита (жетекшісі Киласева Н.В.), 3-орынды Анастасия Захарова (жетекшісі Т.И.Бирюкова), орта буын жастағы санат  бойынша 1-орынды Рерих Нелли (жетекшісі Н.В.Зарипова) жеңіп алды. Кіші топ санаты  бойынша 1-орынды Әмина Габдуллина (жетекшісі С.А.Осетрова), 2-орынды Ксения Бочарова (жетекшісі Т.И.Бирюкова) және 3-орынды Анжелика Лыба (жетекшісі Т.И.Бирюкова) иеленді.

Осылайша, біздің  тәрбиеленушілеріміз  тоғыз марапаттың жетеуін алып келді. Біздің жас музыканттарымыздың тамаша өнері – педагогикалық ұжымның   шығармашылық жұмыстарының нәтижесі болып табылады.