Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Барлығымыз кеміргіштерге қарсы күреске!

Көктемнің келуіне адам ғана қуанбайды, бұл мезгіл жер бетіндегі саны қыруар топқа жататын егеуқұйрықтар үшін де жайлы болып табылады.  Жылу келісімен жас төлдерінің көбеюінен және кеміргіштердің үй-жайдан шығуына байланысты олардың саны артады.

Табиғаттан қалалар мен кенттерге көшіп алып, кеміргіштер адамның қол астына көшіп қана қоймай, инфрақұрылым объектілеріне үлкен залал келтіреді: азық-түлік тағамдарын, өнеркәсіп тауарлары мен құрылыстарын бұзып, жояды. Бір ғана сұр тышқанмен келтірілетін зиян миллиондаған теңгемен есептеледі.

Кеміргіштер адамның оба, шешек, туляремия, лептоспироз, иерсиниоз, псевдотуберкулез, бүйрек синдромымен геморрагиялық қызба, листериоз сияқты инфекциялық ауруларын тасымалдаушы ретінде үлкен қауіп төндіреді.

Кеміргіштердің туляремия, лептоспироз, иерсиниоз, псевдотуберкулезбен жұқтырылуы жыл сайын біздің облыста да белгіленеді.

Бұндай «көршілестік» адамдар арасында инфекциялық аурулардың таралу қаупін тудырады.

Кеміргіштердің ерекшеліктерінің бірі - көбею қабілеттігі: кеміргіштер бір жыл ішінде орташа 8-10 күшіктен 8 рет төлдейді, олардың бір жарым ай ішінде жыныс мүшелері жетіледі. Мысалы, жыл бойы ересек егеуқұйрықтан 50-70 күшік туылады.

Сондықтан елді мекендерде мекендейтін кеміргіштерді жою бойынша жұмыс халықтың эпидемиологиялық салауаттылығының кепілі болып табылады.

Жыл сайын кеміргіштерді жою бойынша жаппай профилактикалық жұмыс кеміргіштердің саны саны көбейген кезде көктемде және күзде жүзеге асырылады.

Бірақ, меншік түріне қарамастан барлық объектілерде, барлық ұйымдарда өңдеулерді бір уақытта жүргізбесе, дератизациялық іс-шаралар күтілетін нәтижені бермейді. Бұл кеміргіштердің бір объектіден екінші объектіге көшіп-қонуын шектеу үшін қажет.

Тәжірибе көрсеткендей және кеміргіштердің көбею қарқындылығы мен өсімталдығын ескере отырып, кеміргіштерге қарсы екі мәрте өңдеу жұмысы проблеманы шешпейді. Егеуқұйрықтардың бұрынғы саны 1 ай ішінде қалпына келуі мүмкін. Сондықтан дератизацияны ай сайын өткізіп отыру ұсынылады.

Жеке ұйым басшыларының назарына!

Жаппай дератизацияны жүргізу кезеңінде өз объектілеріңізде бір уақытта өңдеу жұмыстарын жүргізу өте маңызды!

Бір уақытта өңдеу жұмыстарын жүргізудің арқасында дератизацияның тиімділігіне қол жеткізуге болады.

Дератизациялық өңдеулердің сапасы кеміргіштер мекендейтін жер төлелердің және қоқыс камераларының санитариялық-техникалық жағдайына, ластанбауына, су баспауына және қоқыстың уақытылы шығарылып отыруына байланысты.

Жүйелі түрде жүргізілетін бірлескен іс-шаралар ғана ойлаған нәтижеге жеткізеді.