Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



ХҚКО мұрағат анықтамасын қалай алуға болады?

Еңбек өтілі, еңбекақының көлемі, жасы, отбасы құрамы, білімі, марапттары, зейнетақы және әлеуметтік салым аударымдары, ғылыми атақтар мен дәрежелерін тағайындау, бақытсыз жағдайлар, емдеу немесе көшэвакуацияда болу, жаппай саяси жазалау шаралары құрбандықтарын ақтау, жазалау шараларын қолдану, әскерде қызмет, экологиялық бақытсыздық алаңдарында тұру, бас бостандығынан айырылу орындарында болу туралы мұрағат анықтамаларын алу үшін қызмет берушінің кеңсесі арқылы ғана емес ХҚКО арқылы да құжаттарды тапсыруға болады. Өзіңізде жеке куәлік болып, үлгі бойынша өтініш толтырсаңыз жеткілікті. Ал егер өтініш беруші үшінші тұлға болып табылса, онда нотариалды расталған сенімхат міндетті түрде болуы тиіс. Дайын құжатты клиент 15 күнтізбелік күн ішінде алады. Алайда, мұрағат анықтамаларын алу үшін екі және бірнеше ұйымдардың құжаттарын зерделеу қажет, сонымен қатар  мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі 5 жылдан астам, бірақ 30 күнтізбелік күннен аспайтын  кезеңге созылуы мүмкін.

 «ХҚКО» РМК Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Жаннат Нұржауова жылдың басынан бастап барлығы 35 мұрағат анықтамалары берілгенін айтып отыр. «Мұрағат анықтамаларын алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарының клиенттері аптасына ал күн таңғы сағат 9-дан кешеі 8-ге дейін, түскі үзіліссіз өтініш берулеріне  болатынын естерінде ұстасын»- дейді Нұржауова.

 «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметі ақысыз негізде  көрсетіледі. Егер сізде электрондық цифрлық қолтаңба болса, онда мұрағат анықтамасын оператордың босауын тоспай, ХҚКО әр бөлімінде орналасқан  «Connection point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторында  тапсырыс беруіңізге болады. Өзіне-өзі қызмет көрсету секторының кеңесішлері сізге қызметті электрондық үкімет порталы арқылы алуға көмек көрсетеді.